
Құрметті Балқаш ауданының тұрғындары!
2023 жылдың 29 қарашасы күні сағат 12.00-де Балқаш аудандық Мәдениет үйінде (Бақанас ауылы, Қонаев көшесі, 142) Алматы облысының әкімі Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлының аудан тұрғындарымен кездесуі өтеді.
Тұрғындар тарапынан сұрақтар мен ұсыныстар облыс әкімдігінің ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/virtual-reception/1?category=_6068&lang=ru қабылданады.
Облыс әкімінің халықпен кездесуінің тікелей көрсетілімі almobl_akimat және Балқаш ауданы әкімдігінің balhash_akimdigi Instagram парақшаларында жүргізіледі.