
2020 жылдан бастап "E-Salyq-Azamat"мобильді қосымшасы іске қосылды. Оны App Store немесе Play Market-тен тегін жүктеп алуға болады.
Сервис азаматтарға дайын деректемелер бойынша төлем жүргізу мүмкіндігімен бір мезгілде оны төлеу мерзімі басталғанға дейін алдағы салық сомасын білуге мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, мүлікке, жерге және көлік құралына қолда бар салық салу объектілері бойынша онлайн толықтыруларды, автотасымалдауды және қарауды жүргізуге болады.
Мобильді қосымшада қандай сервистер бар
Қосымшаның негізгі мәзірінде бірқатар электрондық қызметтер бар:
- "Электрондық салық әмияны"
- "Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы Сервис" (берешекті бір мезгілде төлеу мүмкіндігімен берешекті тексеру);
- "ЖТ және ЖК алдағы төлемдер сервисі" (салықтар бойынша болашақ төлемдерді тексеру);
- "Калькулятор" (көлікке салынатын салықты және ЖТС, өсімпұлды есептеу);
- "БЖТ төлемі";
- "Салық төлеушілерді іздеу" (салық есебінің бар болуын тексеру);
- "Сенімсіз салық төлеушілерді іздеу" (сіз кез-келген азаматтық-құқықтық келісім-шарт жасау кезінде контрагенттің мәртебесін алдын-ала анықтай аласыз);
- "Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы және салық есептілігін кері қайтарып алу туралы мәліметтер";
- "Анықтамалықтар" (АЕК тексеруге болады және т. б.);
- "Шағымдардың электрондық кітабы"; "Жиі қойылатын сұрақтар".
"E-Salyq Azamat" мобильдік қосымшасында жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде активтер мен міндеттемелер туралы Декларацияны (есептілік нысаны 250.00) ұсыну бойынша сервис іске асырылды.