Қадірлі жерлестер!​

Қадірлі жерлестер!​

Туған жердің гүлденуіне үлес қосу, мәдениеті мен салт-дәстүріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу - шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Туған топырақты қастерлеу - қазақ халқының ата-бабадан жалғасқан салты. «Туған жердей - жер болмас, туған елдей - ел болмас» деп, дана халқымыз бекер айтпаған. Осы қағиданы ұстанған әр адам атамекен - алтын бесігін естен шығармай, оған өзін мәңгілік қарыздармын деп есептейтіні де ақиқат.
Бүгін міне, еліміз үшін ерекше ұлы мереке Ата Заңымыз - Конституция күні ізгі шараның куәсі болып отырмыз. Ауданымыздың 1984 жылы мектеп бітірген барша түлектері яғни 1967 жылғы азаматтары Малайсары асуындағы ауданға кіреберіс қақпасына осындай жаңа сипаттағы ауданымыздың атымен, символы саналған жолбарыс белгітасымен жолаушылар аялдайтын демалыс аялдамасын салып, тұрғындар игілігіне беріп отыр. Олай болса, баршаңызды бүгінгі мерейлі мерекемен және аудан тұрғындары үшін осы бір қуанышты сәтпен құттықтауға рұқсат етіңіздер!