Алаштың біртуар перзенті, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың дүниеден өткеніне бүгін - 30 жыл! Таулар алыстаған сайын асқақтай түсетіні белгілі. Ұлы тұлғаны еске алып, аудан әкімінің м.у.а А.Үкітайұлы бастап әкімдік қызметкерлері, мекеме-ұйым басшылары, зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер және Д.Қонаев атындағы қор мүшелері ұлы тұлғаның ескерткіштеріне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойып, артынан құран бағыштады.