
Алматы облысының Балқаш ауданында «Ауыл аманаты» жобасы қарқынды жүзеге асуда.
Аталған бағдарламаға деген тұрғындардың қызығушылығы артқан. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Дәрібаев облыстық маслихат төрағасы Талғат Байеділовтың аудандық, маслихат депутаттарымен кездесуі кезінде мәлімдеді.
Бауыржан Дәрібаевтың, айтуынша, қазіргі таңда аудан бойынша 350 өтініш келіп түскен. Онын ішінде 80 адамның құжаттары 548,5 млн теңгеге толық, дайындалып, 24 жоба мақұлданған. Бүгінгі күні 11 адам жеңілдікті несие алған жайы бар.
«Кең Дала», «Іскер», «Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасы да айтарлықтай қолдау көрсетті, соның арқасында ауыл тұрғындары өз ісін ашады, қолда бар бизнесін кеңейтеді, гранттар алады. Ең бастысы, олар ауылдық, округтердегі жұмыссыздық, деңгейін төмендетуге, жұмыспен қамтуды арттыруға көмектеседі, - деді Балқаш ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Дәрібаев.