
Бүгін алдағы жылу беру маусымын үздіксіз әрі қауыпсыз өткізу мақсатында аудандағы мемлекеттік мекемелерінің сондай-ақ әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй қоры жылыту қазандықтарының, инженерлік инфрақұрылымдарының 2023-2024 жылғы қысқы жылыту маусымына дайындығы туралы қоғамдық кеңес өтті. Алматы облысының қоғамдық кеңес мүшесі Т.Досымбеков, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Б.Төлеубекова, облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі А.Қыстаубаев және аудан әкімінің орынбасары Б.Абдибаев қатысты.