Балқаш ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Құтпанбетов Азат Үкітайұлы ауыл тұрғындарымен кездесті

Балқаш ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Құтпанбетов Азат Үкітайұлы ауыл тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» № 826 Жарлығы негізінде Балқаш ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Құтпанбетов Азат Үкітайұлы Топар, Желтораңғы, Ақжар ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесулерде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында атқарылып жатқан жұмыстар баяндалып, алдағы атқарылар жұмыстар барысы айтылды.

Елді-мекендерде өткен кездесулерде  тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, толғандырған сауалдарына жауаптар берілді.