
Іле өзенінен аққан судың Балқаш көліне дейін толығымен барып құю үшін, «Жасыл Қазақстан» бағдарламасы арқылы Іле өзенінің бойы мен сағасына механикалық тазалау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бүгін осы жобаның сметалық құжаттарын дайындау мақсатында, облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы және Астана қаласынан арнайы уәкілдер келіп, Іле өзенінің және сағаларының бойындағы тазалау жұмыстары жүргізілетін жерді анықтап талқылау жұмыстары жүргізілді. Аудан әкімінің м.у.а А.Құтпанбетов және аудан әкімінің орынбасары Б.Дәрібаев, Көктал, Қарой ауылының әкімдері және тиісті мамандар қатысты.