
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» № 826 Жарлығы негізінде Балқаш ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Құтпанбетов Азат Үкітайұлы Қарой, Көктал, Ақкөл ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесулерде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында атқарылып жатқан жұмыстар баяндалып, алдағы атқарылар жұмыстар барысы айтылды.
Елді-мекендерде өткен кездесулерде тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, толғандырған сауалдарына жауаптар берілді.