
🏁 “Жайдарлы Jaidarman” атты аудан, қала әкімдерінің кубогі Балқаш ауданында бастау алды.
✅ Шараның ашылу салтанатына Алматы облысы жастар ресурстық орталығының бөлім басшылары, Балқаш ауданы әкімінің орынбасары Құтпанбетов Азат, “Агрокешен” кәсіподақ ұйымының төрағасы Рақышов Самат қатысты.
Олар қатысушыларға сәттілік тілеп, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
♦️Жалпы қызу тартысқа 17 команда қатысып, өзара бақ сынасты.
Тамашалауға келген тұрғындардың да қарасы қалың болды. Шара соңында жарыс жеңімпаздары:
🥇орын “Көктал Stars” 80 мың тг.
🥈 орын “Ақ дала” 50 мың тг.
🥉 орын “Қарой” командалары 30 мың тг сертификатымен марапатталды.
🏆Алматы облысы әкімінің кубогіне жолдама алған “Көктал Stars” командасын құттықтаймыз!