
Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейінде Д.А.Қонаевтың
туған күніне орай "Ұлы тұлға есімі ұлт жадында "
атты ұлы тұлғаның мемлекет және қоғам алдындағы қызметі мен ғибратты ғұмырына құрылған тақырыптық
экскурсия жүргізілді. Елу жыл ел ағасы атанған,халқының біртуар перзенті, ұлтының рухани ұлы ұстазы Димаш бабамыздың есімі ұлықталған шараға Бақанас мектеп-интернаты оқушылары қатысты.