Қазақстанның Халық жазушысы, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Ұлы Отан соғысының ардагері-көрнекті қазақ жазушысы және публицист Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл толуына орай Балқаш аудандық кітапханасында конференция өтті.

Қазақстанның Халық жазушысы, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Ұлы Отан соғысының ардагері-көрнекті қазақ жазушысы және публицист Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл толуына орай Балқаш аудандық кітапханасында конференция өтті.

Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстанның халық жа­зу­шысы,  Абай атындағы Мемлекеттік сыйлы­ғы­ның лауреаты, көрнекті публицист Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл толу мерейтойына орай Балқаш аудандық кітапханасының  ұйымдастыруымен жазушының «Махаббат, қызық мол жылдар» романының желісімен 15.11.2022жылы «Кемел ойдың кеніші, кенен сөздің өрісі» атты оқырмандар конференциясы  өткізілді.Мақсаты: Махаббат жыршысы Әзілхан Нұршайықовтың  ісі үлгі болған, бүкіл шығармашылық  ғұмырын жастардың тағдырына арнаған жазушыны жас ұрпаққа таныстыру, адалдыққа, адамгершілікке, патриоттыққа тәрбиелеу. Конференцияға  «Мүгедектер қоғамы», «Азаматтық бастамаларды қолдау» қоғамдық бірлестігінің  төрайымы  Зікірова Гүлнар Мұхатайқызы,  аудандық жастар ресурсы орталығының  мамандары , Бақанас аграрлы-индустриалды колледжінің  студентері мен  ұстаздары, М.Сеңгірбаев атындағы орта мектептің 8-9 сынып оқушылары мен ұстазы А.Есболатқызы қатысты.Конференцияны балалар бөлімінің кітапханашысы Қ.Жұмаділова «Мәңгілік махаббат жыршысы» атты кіріспе сөзбен ашса, Ә.Нұршайықовтың  өмірі мен шығармашылығы туралы кітапханашы М. Жүнісбаева  дайджест жүргізді. Жазушының өмірі мен шығармашылығын баяндайтын  «Өмір жолы» атты  бейнеролик көрсетілді. «Ерлік пен Махаббат жыршысы» атты жадынама оқырмандарға ұсынылды. Жазушының көпшілік оқырман сүйіп оқитын «Махаббат, қызық мол жылдар» атты кітабынан үзінділерді  Бақанас аграрлы индустриалды колледжінің 1-2 курс  студенттері А.Есімхан, А.Жұмағұл, Б.Нұрманқызы, А.Қуанышбай,  М.Сеңгірбаев атындағы орта мектептің 9- 10 сынып оқушылары М.Алихан, А.Қуаныш, Г.Нұрманқызы, А.Таңат, А.Ратбек  мәнерлеп оқып мазмұны бойынша оқырмандармен ой бөлісті. Шара соңында кітапханашы С.Абылдаева «Қаһарман халықтың қайсар ұлы» атты  кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізді.