Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық мереке мәртебесін Республика күніне қайтаруды ұсынды және жыл сайын жиырма бесінші қазанда Біз Республика күнін елдің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек деп жариялады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық мереке мәртебесін Республика күніне қайтаруды ұсынды және жыл сайын жиырма бесінші қазанда Біз Республика күнін елдің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек деп жариялады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынып, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек деп жариялауына орай болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілікті негізге алып жүздеген ұлт пен ұлыстың басын біріктіріп, ынтымағын жалғыстырып отырған мемлекет екенімізді мақтан тұтып қастерлеу мақсатында Балқаш аудандық кітапханасы Республика күніне «Елімнің бақытын тербеткен» атты конференциясын өткізді .Шара Бақанас-Аграрлы Индустриалды колледж студенттерінің қатысуында әнұранмен басталып, 12- топ студенттері ақын-жазушылардың өлең жырларын мәнерлеп оқыды.11- топ студенттері «Атамекен» әнін хормен айтып, кітапханашы Қ.Жумадилова «Елімнің бақытын тербеткен» баяндамасы, сондай-ақ колледж студенттері Ж.Ошақбай «Тәуелсіздік-тұғырым», Ә.Ғалымұлы «Заңғар жолдың жалғасы», Н.Алпысбайұлы «Елімнің ертеңі», Ж.Бектен «Біз бақытты ұрпақпыз», Г.Аралбекқызы «Қазақстан-мәңгілік ел» , Қ.Әбілманап «Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы» атты баяндамаларын ұсынып , оқу залы кітапханашысы С.Абылдаева «Менің Қазақстаным» атты кітап көрмесімен таныстырды. Шара соңында студенттер «Көк тудың желбірегені» атты әуенімен аяқтады.