
Алаш қозғалысына 105 жыл толуына орай Балқаш аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен 13.10.2022ж. «Алаштың арманы - азаттық таңы» атты конференция өтті. Биыл еліміз Алаш қозғалысының құрылғанына 105 жыл толуын атап өтуде. Бұл қазақ халқының тарихындағы өте маңызды оқиға. Алаш қайраткерлері ұлттық мемлекеттіліктің негізін қалады. Бұл қозғалыс ХХ ғасырдың басында пайда болып, қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің шарықтау шегіне айналды. Алаш партиясы ұлттық демократияның бастауында тұрды. Шараға М.Сеңгірбаев атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында Алаш қозғалысы мен Алаш қайраткерлеріне қатысты баяндамалар оқылды. Шараның мақсаты: Алаш қайраткерлері ту еткен ұлттық сананы көтеру, Алаш зиялыларының сан-салалы мұрасын насихаттау.