
Ауылдық мәдениет үйлері, кітапханалар және музейлер арасында дәстүрлі түрде жылда өткізілетін "Ауылым-алтын бесігім" байқауына биыл ауданымыздан Ақдала ауылдық мәдениет үйі мен Желтораңғы ауылдық кітапханасы қатысты. Ақдала ауылында өткен іс-шарада мәдениетіміз, салт-дәстүріміз, ұлттық құндылықтарымыз бен өнеріміз дәріптелді. Шараға Халық шығармашылығы орталығының директоры Е.Б.Жебегенов, С.Сейфуллин атындағы облыстық кітапханананың әдіскері С.З.Аханова, ұста Дәркембай атындағы қол өнері музейі директоры Д.Д.Шоқпаров және аудан әкімі Ғ.Қ.Тоқпейісов қатысты. Ауыл тұрғындары мен жиналған көпшілікке шара барысында ауылшаруашылық жәрмеңкесі, ұлттық көкпар ойыны, салт-дәстүрімізден сахналық көріністер, концерттік бағдарлама ұсынылды.