Балқаш ауданы Бірлік ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен, қазақтың тұңғыш әйел - ұшқышы, батыр, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанованың ерлікке толы өмірі жайлы "Ерліктің өшпес тарихы" атты ерлік сағаты өтті.

Балқаш ауданы Бірлік ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен, қазақтың тұңғыш әйел - ұшқышы, батыр, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанованың ерлікке толы өмірі жайлы "Ерліктің өшпес тарихы" атты ерлік сағаты өтті. Шараға мектеп кітапханашысы А.Құсайынова және 9 сынып оқушылары қатысты. Қазақ халқынан шыққан сан мыңдаған батыр ұл - қыздардың ішінде есімі елге ерекше таныс батыр апаларымыздың бірі Хиуаз Доспанованың, өмірбаянына ауылдық кітапханашы А.Мадиева шолу жасады, 9 сынып оқушысы Ғабдол Нұрболат "Ардагерлер" атты өлеңді жатқа айтты. Мектеп кітапханашысы А.Құсайынова "Қанатты қыз" тақырыбында батыр апамыздың ерліктері жайлы айтып өтті. Мақсаты: соғыс жылдарындағы қаракөз қазақ қыздарының батылдығына, батырлығына бас ие отырып, теңдесіз де жанқиярлық ерліктерін әрқашан ардақтауға, өшпес рухтарына тағзым етіп, оларды мәңгілік есте сақтауға, патриотизмге тәрбиелеу