
Балқаш ауданы Көктал ауылдық кітапханасында М.Маметованың 100 жыл толуына орай"Қазақтың қаhарман қызы" атты тағзым кеші өткізілді. Мақсаты: Батыр қызымыз Мәншүк Маметованың ерлігіне бас иіп тағзым ете отырып, оларды әрдайым жадымызда сақтауға тәрбиелеу. Қатысқандар саны: 32 Шара барысында 7- сынып оқушылары Таңатар Арай мен Серік Мөлдір " Мен Мәншүкпін" монологын оқыды. 8- сынып оқушысы Серікқали Жадыра " Катюша" әнін шырқады.