Балқаш аудандық «Жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі» ММ-сінің 2019 жылы тоғыз айда атқарған жұмыстары жайлы мәлімет.

Балқаш аудандық «Жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі» ММ-сінің 2019 жылы тоғыз айда атқарған жұмыстары жайлы мәлімет.

Ауданымыздың дамуы, халықтың тұрмыс жағдайының көтерілуі, экономикамыздың өсіп өркендеуі жол қатынасы саласындағы атқарылып жатқан жұмыстарға тікелей байланысты екендігі өздеріңізге мәлім. 

         Бүгінгі экономиканың негізгі арқауына айналып отырған жол саласы күннен – күнге дамуда.

         Ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуындағы қол жеткізген жетістіктермен бірге ауданымызда жол саласы бойынша соңғы жылдарда біршама жұмыстар атқарылды. 

Балқаш ауданы аумағында облыстық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 544 шақырым, селолық округтер мен елді мекендердегі автомобиль жолдарының  ұзындығы 207 шақырымды құрайды.

Аудандық  жолдың жағдайын көтеру үшін төмендегі жұмыстар жүргізіліп жатыр:

2019 жылға ауданның елді мекендерінің жолдарын жөндеуге және күтіп ұстауға, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, аудан ауылдарының ішкі көше және кірме жолдарын қыс мезгілінде күтіп ұстауға, қар тазалау жұмыстарына бюджеттен  керекті қаражат бөлініп, аталған жұмыстар уақытымен атқарылып жатыр.

Бақанас ауылындағы Иманбаева көшесінің автомобиль жолдарын күрделі жөндеу, Т.Рысқұлов көшесінің автомобиль жолдарын орташа жөндеу, Д.Қонаев көшесінің автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, Бірлік ауылындағы Ш.Уалиханов көшесінің автомобиль жолдарын орташа жөндеу,  Бақбақты ауылындағы Төлеби  көшесінің автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бақбақты ауылындағы Төлеби  көшесінің автомобиль жолдарын орташа жөндеуге, Ақжар ауылындағы Тұйғынбаев  көшесінің автомобиль жолдарын орташа жөндеуге және Құйған ауылындағы Омарбеков  көшесінің автомобиль жолдарын орташа жөндеуге 2019 жылы бюджеттен қажетті қаражаттары бөлініп, аталған жұмыстарды 2020 жылы аяқталу жоспарланып отыр.

«Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы бойынша Республикалық және жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, Бақанас ауылындағы Жамбыл, Ормышев, Демченко және Достық-1, Достық-2 көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аудан ауылдарының ішкі көшелеріне және кірме жолдарын қыс мезгілінде күтіп ұстау және қар тазалау жұмыстарына қажетті қаражат бөлініп, ашық конкурс жарияланып, «Ақмарал ҚК» ЖШС-гі ұтып алды.

Бақанас ауылының көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге қажетті қаражат бюджеттен бөлініп, ашық конкурс арқылы «Балқаш жолдары» ЖШС-гі ұтып алып тоғыз көшеге  ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылды.

Аудан бойынша, келер жылдарға он жеті көшенің орташа жөндеу жұмыстарына ашық конкурс жарияланып, оны ЖШС «ОНТ-NP» ұтып алып сметалық құжаттары дайындалуда.

Халықтың, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін, талап-тілектерін,  сұраныстарын  шұғыл түрде  есепке ала отырып, қажетті есептерді, зерттеу-ақаулық актілері, суреттері, басқа да тиісті құжаттары дер уақытында құзыретті органдарға өткізілуде.  

  Ауданымыздағы    жол қатынасының жақсаруы, көркейуі тұрғысында келешекте алдымызға қойылған  міндеттерді орындау үшін барлық бағыттар бойынша нақты іс шаралар қабылдап, қолда бар барлық мүмкіндіктер мен резервтерді пайдалана отырып, көздеген жоспарларымыздың орындалуына бір кісідей жұмыла отырып, қол жеткіземіз.