
Сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту, халықтың сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін қалыптастыру, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына деген сенімін нығайту мақсатында Балқаш ауданы әкімдігінің ғимаратында 14 қазан күні «Жетісу - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылып, өз жұмысын бастады.
Кеңседе кез келген азамат билік институттарына сенім арта алады. Ол үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда халық мемлекеттік қызмет көрсету, білім, әлеумет, сәулет және қала құрылысы мен жер қатынастары салаларына қатысты ақпарат алып, қажетті құжаттарын тапсыра алады.