« Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы » 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бақанас ауылдық округінің Бақанас ауылы халқының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 08 қазандағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысына негізінде, Бақанас ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бақанас ауылдық округі Бақанас ауылына қарасты 1-көше –Өксікбаев Нұртай Өксікбайұлы көшесі, 2-көше- Көжеков Мейментай көшесі, 3-көше-Сүндетбай болыс көшесі, 4-көше-Қожахметов Ерназ, 5 көше- Балпық би көшелеріне жаңадан көше атаулары берілсін.
2. «Бақанас ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Таңсықбаева Мақпал Нұрлыханқызына осы шешімді әділет органдарына мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурстарында жариялау жүктелсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтүзбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі Д.Төлеубек