
Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейі мен аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 18 сәуір Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай еліміздегі сәулет өнерінің інжу-маржандары, тарихи ескерткіштер мен өлкеміздегі қасиетті жерлер, киелі мекендер мен тарихи орындар жайлы таным беру мақсатында «Ескерткіштер – ел тарихы» атты танымдық шара өткізілді.
Шарада музей қызметкері, «Үздік өлкетанушы» З.Ж.Демеуқұлованың өлкеміздегі ашық аспан астындағы мұражайлар, көне қалашықтар мен бекініс орындары, обалар, кесене мен мазарлар, үңгірлер мен таңбалы тастардағы жазулар тарихына құрылған «Ғасырлар куәгері – көне ескерткіштер», «М.Сеңгірбаев» атындағы орта мектептің кітапханашысы А.Е. Рыскелдиеваның «Ескерткіштер - елдіктің белгісі», «Бақанас мектеп-интернатының» кітапханашысы Ж.Нақақызының «Ескерткіштер – елге мұра, ұрпаққа аманат», «Б.Бейсекбаев» атындағы мектеп-гимназиясының кітапханашысы Г.Мұхтардың «Тарихи ескерткіштер-құнды деректер» тақырыбындағы, баяндамалары оқылып, «Ел мен жердің шежіресі» атты слайд шоу көрсетілді.