Тұрғындармен кездесу

Тұрғындармен кездесу

 

Бүгінгі таңда мемлекеттік және өңірлік саясаттың бірінші кезектегі міндеттері билік органдарының азаматтық қоғаммен сапалы өзара іс-қимылын құру болып табылады.

Осыған байланысты Президент 2022 жылдың 3 наурызындағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізуі туралы» № 826 Жарлыққа қол қойды. Осы Жарлықты орындау үшін әкімдерге халықпен кездесулер өткізу міндеттелді, оның барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағытының негізгі бағыттары туралы хабардар ету қажет.

Бүгін Балқаш ауданының әкімі — Ғ. Тоқпеисов Құйған, Жиделі және Балатопар ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Сондай-ақ, халықпен кездесуге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудан прокуроры және аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Аудан әкімі өз сөзінде Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағытының негізгі бағыттарын ерекше атап өтіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы қысқаша айтып, 2022 жылға арналған жоспарларымен бөлісті.

Негізгі уақыт халықпен диалогқа бөлінді. Ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын белсенді қойып, түсініктемелер берілді.

Кездесу соңында аудан әкімі —азаматтарды жеке қабылдады, оған 3 адам қатысты.