«Балалығым-балғын шақ»

«Балалығым-балғын шақ»

Балқаш ауданының жастар ресурстық орталығының ұйыдастыруымен Алматы облысының 90 жылдығына арналған «Балалығым-балғын шақ» -тақырыбында аудандық жайдарман ойыны өткізілді. Тартысты сайысқа 15 ауылдық округтерден 14-29 жас аралығындағы өнерпаздар қатысты. Сайыс нәтижесі бойынша жүлделі І орынға-Топар ауылдық округінен келген «Легенда» командасы, ІІ орынға-Жиделі ауылдық округінен келген “Жиделінің жас жұлдыздары” командасы, ІІI орынға - Ақдала ауылдық округінен келген “Тұмарлар” командасы ие болды. Жүлделі болған командаларға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар тарту етілді.