
Өткен аптада Ақдала орта мектебінде аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз мерекесіне орай "Наурыз тойын тойлайық! " тақырыбында әуесқой жас ақындар арасында аудандық жыр мүшәйрасы болып өтті.
Жас ақындардың бойындағы ақындық қабілеті мен табиғи таланттын анықтай отырып, халыққа танымыл ақын-жазушылардың ұрпаққа қалдырған асыл мұраларын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жыр додасына аудан мектептерінен іріктелген 13-18 жас аралығындағы оқушылар қатысты.
Жыр сайысында сынға түскен жас өрендер алдымен еркін тақырыпта жазып келген өз өлеңдерін оқыса, екінші айналымда Алаштың ардақтысы болған Ахмет Байтұрсыновтың туғанына-150 жыл толуына орай «Ахмет-ұлт ұстазы» тақырыбында жазған арнау-жырларын орындады. Ал үшінші айналым бойынша берілген тақырыпқа сай өлең құрап, көрермендер алдында мәнерлеп оқып шықты.
Байқау барысында сынға түскен әуесқой ақындардың өлеңдерін саралап, өнерлеріне лайықты баға берген әділқазы алқасының төрағасы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Ақын Сейсеке және аудандық «Балқаш өңірі» газетінің жауапты хатшысы Бақтығали Дәуітбаев, Ақдала орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Гүлвира Орынбаева төрелік жасады.
Қорытындылай келгенде Ақдала орта мектебінің 9 сынып оқушысы Гулшат Садық бас жүлдені жеңіп алса, І-ші орын Береке орта мектебінің 9 сынып оқушысы Әсел Жексебайға бұйырды. Ал ІІ-ші орынға №1 Жамбыл атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Дильназ Мұхамәди және Ақкөл орта мектебінің 7 сынып оқушысы Нұрбек Сапарқұл лайықты деп танылды. Жүлделі ІІІ-ші орынды Бірлік орта мектебінің 10 сынып оқушысы Ақмарал Жасасын, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Аянат Нұрайдарқызы, Д.Қонаев атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушысы Фатима Игенбай және Аралтөбе орта мектебінің 9 сынып оқушысы Ернұр Нұртай місе тұтты. Сонымен қатар жас ақындар арасында ерекше көзге түсіп, «Көрермен көзайымы» және «Талантты ақын» номинацияларымен Д.Қонаев атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысы Аршын Қуаныш пен Ақдала орта мектебінің 9 сынып оқушысы Айдана Шалқарқызы марапатталды.