Мобильді қоғамдық қабылдау өткізді

Мобильді қоғамдық қабылдау өткізді

Осы аптада ауданымызға «AMANAT» партиясының облыстық филиалының атқарушы хатшысы Гүлнар Тойлыбаева келіп, Бірлік ауылдық округінің тұрғындарымен мобильді Қоғамдық қабылдау өткізді.

Қоғамдық қабылдау жиынына  облыстық мәслихат депутаты Әбдіжаппар Қыстаубаев, аудандық мәслихат хатшысы Кәдірбек Омаров, «AMANAT» партиясы Балқаш аудандық филиалының атқарушы хатшысы Данияр Садықбаев қатысты.

Ең алдымен Гүлнар Қожағұлқызы  ауыл тұрғыны Шолпан  Сәтбаеваның шаңырағына атбасын бұрды. Бірлік орта мектебінде ауыл тұрғындарымен кездесу өткізіп,  Мемлекет басшысының съезде берген тапсырмасы мен «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» - атты Жолдауында қамтылған бағыттарды әңгіме өзегіне айналдырды.

Осы жерде Шолпан  Сәтбаеваны  денсаулық саласына қосқан сүбелі үлесі үшін «AMANAT» партиясының "Алғыс хатымен" марапаттады.

Облыстық мәслихат депутаты Әбдіжаппар Өгізбайұлы мен  «Бірлік» бастауыш партия ұйымының мүшесі, Бірлік орта мектебінің  мұғалімі Бақыт Мұсаханова өз ойларын ортаға салып, Президент Жолдауына қолдау көрсететіндерін жеткізді.

Кездесу соңында Гүлнар Тойлыбаева ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.