
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "жаңа Қазақстан: жаңарту және жаңғырту жолы" атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында Көкжиде ауылының тұрғындарымен аудан әкімінің орынбасары Б.Әбдібаевтың және ақпараттық-насихаттау тобы мүшелерінің қатысуымен кездесу өтті. Жиналыста сөз сөйлеген ауыл ақсақалы мен тұрғындар өздерінің ізгі тілектерін білдіріп, Жолдауда айтылған бастамаларға бірауыздан қолдау білдірді.