Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізіледі

Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізіледі

Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне
республикалық тексеру жүргізіледі

Балқаш ауданы ТЖБ 2021 жылғы 21 желтоқсанда азаматтық қорғаудың
құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізілетінін хабарлайды.
Тұрғындарды төтенше жағдайлардан қорғау бойынша басты іс-шаралардың
бірі, оны уақытылы ақпараттандыру және табиғи, техногендік сипаттағы
қандай да бір қауіпті факторлардың туындауы немесе орын алу қатері
туралы құлақтандыру болып табылады.
Тексеріс барысында электрдабылдар мен дабылды-сөйлеу құрылғылары
қосылатын болады. Осыған орай, Сіздерден үрейге салынбауларыңызды және
түсінушілікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Сонымен қатар Балқаш ауданы ТЖБ Сіздерге Төтенше жағдайлар орын алғанда
жағдайда электродабылдардың қосылу кезіндегі тәртіп ережелерін еске
салады.
Егер дабыл кезінде үйде болсаңыз:
- радио және теледидарды қосыңыз;
- шұғыл хабарды тыңдаңыз;
- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.
Егер дабыл кезінде далада болсаңыз:
- көшедегі дауыс ұлғайтқыштармен және жылжымалы хабарлау құралдарымен
берілетін шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;
- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.