ТЕҢБІЛ ДОПТАН ӨТКЕН ТАРТЫСТЫ ЖАРЫС

ТЕҢБІЛ ДОПТАН ӨТКЕН  ТАРТЫСТЫ ЖАРЫС

ТЕҢБІЛ ДОПТАН ӨТКЕН  ТАРТЫСТЫ ЖАРЫС

 

Аудан спортшылары спорт саласы бойынша өздерінің нəтижесін көрсетіп, өңірдегі спорт саласының дамуына зор ықпал етуде. Əрине спортшылардың жетістігі-спортқа деген ерекше ықыласының дəлелі дер едім.

Биыл егемен ел атанып, тұғырлы тəуелсіздігімізге қол жеткізгенімізге мерейлі 30 жыл толып отыр. Осы орайда, мерейлі мереке қарсаңында  ауданымызда да түрлі спорттық жарыстар  жиі ұйымдастырылуда.  Сондай жарыстың бірі, жақында, яғни 10 қыркүйек күні Бақанас балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің стадионында болып өтті. Аталған чемпионат ересектер арасында футболдан ұйымдастырылған болатын.  Жарысқа аудан көлеміндегі  ауылдық округтерден 7 команда қатысып, I-ші орынды Бақанас командасы,   II-ші орынды Бақбақты, III-ші орынды Ақдала командасы жеңіп алды.

Ал, теңбіл доптан өткен жарыста үздік ойын өрнегін көрсеткен спортшылар да марапаттан құралақан қалмады. "Үздік шабуылшы" номинациясы бақбақтылық Лебай Жәнібекке, "Үздік қақпашы" номинациясы жиделілік футболшы Өмірбай Нұрсланға бұйырса, ал  жиделілік Бәкиев Наурызбай "Үздік ойыншы", ақдалалық Алтай Тұрсынбек "Үздік жартылай қорғаушы" атанса, "Үздік қорғаушы"  болып Бақанас ауылының футболшысы Әлімхан Елдар атанды.

Осылайша тартысты өткен футбол өңірдегі жанкүйерлерге ерекше серпін беріп, айрықша əсер қалдырды. "Спорт-денсаулық кепілі" деген қанатты сөзді өздеріне ұстаным еткен балқаштықтардың спорт саласына қосып жатқан үлесі толассыз.