ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

 

Тамыз айының екінші жексенбісінде жыл сайын егемен елімізде құрылысшылар мерекесі тойланады. Осыған орай, Балқаш ауданының әкімі Тоқпейісов Ғалым Қасымұлы ауданның экономикалық өсіп-өркендеуінің негізі болып табылатын құрылыс саласының мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында мерейлі мереке иелерін арнайы қабылдап, еңбектерін елеусіз қалдырмаған аудан басшысы Ғалым Қасымұлы өз сөзінде: «Кешегі Қамау елі атанып, бүгінде бақ-ырысы артқан Балқаш ауданы күннен-күнге көркеюде. Аудан орталығынан көрініс тапқан түрлі ғимараттар мен орын тепкен нысандар, сонымен қоса күрделі жөндеуден өтіп жатқан білім шаңырақтары осыған анық дәлел болып отыр. «Ауыл ажары-азамат абыройы» демекші, ауылымыздың өсіп-өркендеуі мен дамуы жолында нағыз еңбектің қарақазында қайнап жүрген құрылысшы қауымының қолтаңбасы тайға таңба басқандай көрініс табуда» дей келе, сөзін құрылысшылар қауымының еңбегі қашанда ерен деп түйіндеді.

Мұнан соң, аудан басшысы киелі өңірді дамытуға үлес қосып, қажырлы еңбегімен көзге түскен құрылыс саласының бірқатар қызметкерлерін марапаттады. Атап айтар болсақ, аудан әкімінің Құрмет Грамотасымен «Балқаш аудандық құрылыс бөлімі» ММ-нің басшысы - Айбын Жұмабеков, «Балқаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің басшысы - Нұрғали Мұсаев, «Балқаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің басшысы - Ришат Манат, «Әсем-Ай 19» ЖШС-нің басшысы - Ерболат Сүлейменов, «Ақмарал» ЖШС-нің маманы- Жауқазым Көпеков, «Балқаш Жолдары» ЖШС-нің басшысы - Нарымбет Әбдібаев, «Асан-М» ЖШС –нің бас инженері - Жеңіс Жақсылықұлы және «Балқаш Жолдары» ЖШС-нің бөлімше басшысы - Сергей Митяшовтар марапатталса, ал аудан әкімінің Алғыс Хаты «Санжар Проект Сервис» ЖШС-нің бас инженері - Олжас Абдукаримов, «Геодезия сервис» ЖШС-нің бас инженері - Виктория Кузнецова, «Балқаш аудандық жолаушылыр көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің бас маманы - Абылайхан Молдахан, «ОNT-NP» ЖШС-ның бас инженері - Сырым Нұрлыбай, «Балқаш Таза Су» ЖШС-нің маманы - Сайлау Алин, «АДС Сапа» ЖШС техникалық бақылау маманы - Дархан Нұрахмет және «Мұзтау» ЖШС техникалық бақылау маманы - Серік Қанатов сынды мамандарға табысталды.

Осылайша мереке қарсаңында өңірдегі құрылыс саласы мамандарының еңбегі еленді. «Еңбектің наны-тәтті...» демекші, бүгінгі марапаттың ертеңгі күні құрылысшылар қауымының жұмыс қарқынының жоғарылауына айрықша әсер етері сөзсіз.