Спортшылар марапатталды

Спортшылар марапатталды

Спортшылар марапатталды

                   Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылдың 15 қарашасындағы Жарлығына сәйкес тамыз айының үшінші жексенбісі – «Спорт күні» болып жарияланды. Бұл ретте балқаштық спорт саңлақтарының  еңбегі осы аптада ескерілді.

Спортшылардың кәсіби мерекесінде аудандағы спорт саласына үлес қосқан ардагер спортшылар, жаттықтырушылар мен түрлі додада топ жарған сақа саңлақтардың мерейі үстем болып,  аудан әкімі Ғалым Қасымұлы өңір спортшыларын кәсіби мерекелерімен арнайы құттықтады. Өйткені, осы спортшыларымыз-көк байрағымызды көкте желбіретіп жүрген ауданымыздың мақтаныштары. Ал, спортшыларымыздың бүгінгі күнге дейін жеткен жетістігі-ол жаттықтырушылар еңбегінің жемісі екені сөзсіз.

Осыған орай, мереке қарсаңында аудан әкімінің Құрмет Грамотасымен ауданымыздың дене шынықтыру және спорт саласының дамуына үлес қосып, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге арнаған табысты еңбегі үшін ардагер спортшылар- Таңат Төлжарасов, Мейірманды Жұмашев, Болысбек Әбдіқұлов, Бақанас спорт мектебінің жаттықтырушылары-Қайрат Баймолдаев, Айбол Құрманбеков, Назтай Мейрамбек, Жәнібек Лебай, Абылай Дәткер, Амангелді Қазтайұлы марапатталса, ал аудан әкімінің Алғыс Хаты  Бақнұр Арыстанбаев, Бибі-Айым Дәрменова, Бақтияр Тлеубай, Нұршат Байтас, Алмас Мергенбаевтарға бұйырды. Сонымен қоса, облыстық және республикалық жарыстарда топ жарып жүрген аудан мақтаныштары-Бекарыс Мейрамбек, Бекнұр Арыстанбай, Дулатбай Арман, Аружан Амангелді, Нұрзақ Алихан,  Айдын Айдосұлы да аудан әкімі Ғалым Қасымұлының Алғыс Хатымен марапатталса, елімізде дене шынықтыру және спорт саласының өркендеуіне, өскелең ұрпақтың спортқа деген сүйіспеншілігін қалыптастырып, насихаттауға қосқан үлесі үшін және спорт күні кәсіби мерекесіне орай Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының Құрмет Грамотасына Самғат Серікбай және Ернұр Баққожа лайық деп танылды. Байрақты бәсекелерде аудан намысын асқақтатып жүрген спортшылар еңбегі осылайша ескерілді.