Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді Астана күні ме-рекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Астана күні – жалпы республика халқы болып тойлайтын атаулы мейрам. Қысқа мерзімде сәулеті мен дәулеті келіскен шаһарымыз әлемдегі ең үздік қалалардың біріне айналды.
Елорда-еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің нышаны, хал-қымыздың мақтанышы. Уақыт өткен сайын тұрғындардың әлеуметтік жағдайы жақсарып, қаладағы оң өзгерістер өзге өңірлерге үлгі болуда.
Жас елорданың көз сүйсін-дірер келісті келбеті күн санап жасарып, көркейіп, гүлдене түсуде. Ол жаңаша қарқын алған құрылысымен ғана емес, соңғы технологиялар негізінде салынып жатқан гүлзарларымен, аллеяларымен сырттан келушілердің назарына ілініп, шетелдіктерді таң қалдыруда. Сайын Сарыарқаның төсінде тотыдайын таранған әз астанамыз жылдар келе, алып Азия мен Еуропаның шоқтығы биік қалаларының біріне айналатынына, алдағы ғасыр үлесінен орын алып, батыл үмітпен нық сенімнің тұлғалы тірегі боларына сенімдімін.
Қадірлі балқаштықтар!
Алдымызда Елбасы Нұр-сұлтан Назарбаев пен ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген биік міндеттер мен жоспарлы жұмыстар бар. Ішкі татулығымыз бен қажырлы еңбегіміздің арқасында аталған межені де абыроймен бағындырамыз деп сенемін. Қазіргідей еліміздегі пандемиялық ахуалдан екпе алып, алаңсыз әрі бейқам өмірімізге тезірек оралайық, ағайын!
Сіздерге зор денсаулық, қа-жымас қайрат, отбасылық бақыт тілеймін!
Құрметпен: аудан әкімі Ғалым ТОҚПЕЙІСОВ.