
1 мамыр – Бірлік күні Балқаш ауданы, Бірлік ауылындағы 10 отбасы баспаналы болды. «Қайырмды істер марафоны» жалпыұлттық акциясы аясында, балқаштық Жандос Әбенұлы 10 отбасына үйдің кілтін табыстап, көпке қуаныш сыйлады. Қайырымдылық жасауды асыл қасиет деп білетін азамат ауылындағы осы агрофирмада 20 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан ауыл азаматтарына тұрғын үй сыйлап, зор алғыс пен құрметке бөленді. Атап айтсақ, 2 көпбалалы отбасына, 1 үшінші топ мүгедектігі бар отбасына, барлығы 10 отбасына өз демеушілігімен тұрғын үй кілтін табыстап, қуаныш сыйлады. Аталмыш шараға 50 адамға жуық қатысты.