Балқаш ауданы әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Оразбаев Ғалымжан Серікбайұлы мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру тақырыбында жиын өткізді.
Жиын барысында мемлекеттік қызмет саласындағы әдеп нормаларын сақтау, ашықтық пен адалдық қағидаттарын нығайту мәселелері талқыланып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңыздылығы айтылды.