Халықаралық пластмасса, полимерлер және каучук индустриясының көрмесі

Халықаралық пластмасса, полимерлер және каучук индустриясының көрмесі

Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму
басқармасы хабарлайды, Кәсіпкерлік субъектілерін ақпараттандыру мақсатында
«Central Asia Trade Exhibitions» көрме компаниясы пластмасса, полимерлер
және каучук индустриясына арналған 18-ші халықаралық CENTRAL ASIA
PLAST WORLD 2026 көрмесін өткізетінін хабарлаймыз.
Аталған көрме 2026 жылғы 17–19 наурыз аралығында Алматы қаласында,
«Атакент» Халықаралық көрме орталығында (11-павильон) өтеді.
Көрменің негізгі бөлімдері:
 пластмасса, қаптама, баспа және каучук өндірісіне арналған
жабдықтар;
 полимерлер;
 жылу және бақылау-өлшеу жабдықтары;
 қоспалар мен суперконцентраттар;
 шикізат және қосалқы материалдар;
 пресс-формалар;
 3D басып шығару, аддитивті өндіріс;
 гидравликалық және пневматикалық жабдықтар;
 қалдықтарды қайта өңдеу;
 полиуретан;
 композиттер;
 пластмасса, каучук, полиуретан, композиттер және өзге де
материалдардан жасалған дайын бұйымдар.
Көрмеге әлемнің 20-дан астам елінен шамамен 200 экспоненттің қатысуы
жоспарланып отыр, оның ішінде Қазақстан, Австрия, Германия, Италия, Ресей,
Латвия, Польша, Үндістан, Түркия, Қытай, Иран, Өзбекстан және басқа да елдер
бар.