Қазіргі заман жағдайында қоғамның тұрақтылығы, азаматтардың қауіпсіздігі және құқықтық мәдениеттің деңгейі мемлекеттің дамуы мен өркендеуінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда «Заң мен тәртіп» идеологемасын ілгерілету – мемлекеттің қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және азаматтық жауапкершілікті күшейтуге бағытталған маңызды бастамалардың бірі.
Бұл идеологияның басты міндеті – әрбір азаматтың құқықтық нормаларды сақтауын қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамда құқыққа құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру. Сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өзара іс-қимылын күшейтіп, тұрғындарды ақпараттандыру және қоғамдағы қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды жүйелі жүргізу көзделеді.
Алматы облысында заңдылықты нығайтуға бағытталған шаралар кезең-кезеңімен ұйымдастырылып келеді. Облыс деңгейінде қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдама қабылданып, оны іске асыру мақсатында нақты іс-қимыл жоспары әзірленген. Бұл құжат құқықтық саясатты жетілдіруге, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға, тәртіп бұзушылықтың алдын алуға бағытталған кешенді қадамдарды қамтиды.
Тұжырымдаманы жүзеге асыру аясында барлық аудан мен қалаларда ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, алдын алу шаралары, жастармен және түрлі әлеуметтік топтармен кездесулер өткізілуде. Әсіресе тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, балалар құқығын қорғау, құқықтық сауаттылықты көтеру және азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін арттыруға ерекше назар аударылуда.
Іс-шаралар легі Балқаш ауданында да белсенді жүргізіліп келеді. Аудан тұрғындарының құқықтық мәдениетін арттыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған кездесулер, семинарлар, ашық диалог алаңдары тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Бұл жұмыстарға мемлекеттік органдармен қоса, қоғамдық ұйымдар, ардагерлер кеңесі, аналар кеңесі, жастар ресурстық орталығы, білім беру мекемелері белсенді атсалысуда.
2025–2030 жылдарға арналған облыстық тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары назарға алынып, аудан көлемінде аталған бағыттағы шаралар нақты түрде жүзеге асуда.
Атап айтқанда, Балқаш ауданы аумағында «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында ауқымды 14 іс-шара ұйымдастырылып, оған әртүрлі жас санаты мен әлеуметтік топтардан жүздеген адам қатысты. Бұл бастамалар құқықтық мәдениетті арттыруға, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын күшейтуге, қоғамда тәртіп пен қауіпсіздіктің маңызын түсіндіруге зор үлес қосуда.
Өткен шаралар барысында құқық қорғау органдарының өкілдері мен қоғамдық ұйымдар тұрғындарға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдарын түсіндіріп, заңнамалық өзгерістер туралы ақпарат беріп, құқықтық көмек көрсету механизмдерін таныстырды. Сонымен қатар, жастар арасында құқыққа құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған профилактикалық әңгімелер жүргізілді.
«Заң мен тәртіп» идеологемасын ілгерілету – қоғамдағы құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған маңызды әрі ұзақ мерзімді бастама. Алматы облысы мен Балқаш ауданы деңгейінде жүзеге асырылып жатқан жүйелі жұмыстар бұл бағыттағы жұмыстың тиімді жүргізіліп отырғанын көрсетеді.
Ауқымды іс-шаралар нәтижесінде тұрғындардың құқықтық сауаттылығы артып, қоғамда заңға бағыну мәдениеті күшейіп келеді. Бұл — құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадамдардың бірі.