Меню

Страницы

Статья

Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №138 қаулысының 8-тармағының, 1), 2)-тармақшаларына сәйкес, 2022 жылғы қыркүйек айының 12 күні, сағат 11-00-де «Amanat» партиясының мәжіліс залында Бақанас ауылына қарасты ауылдың оңтүстік-шығысында орналасқан атауы жоқ 1-ші көшені Алтынбаев Сейткерім, 2-ші көшені Сейдахмет Әбдірасылұлы, 3-ші көшені Әбдіқай Нәзтаев деп атау беру туралы  мәселе қаралатындығын хабарлаймыз.

 

Қосымша мәлімет

         Алтынбаев Сейткерім – Ұлы Отан соғысының ардагері. Ол 1917 жылы Балқаш ауданының  қазіргі Жиделі ауылында дүниеге келген. Жеті жылдық мектепті бітірген. Жастық шағы 30 – жылдардың алғашқы кезеңіндегі ашаршылыққа тұспа – тұс келіп, өмірдің қиыншылығын көп көрген. Еті тірі елгезек бала жеті сыныптық білімімен 1938 – 1942 жылдар аралығында Ленин атындағы колхозда бухгалтер болып жұмыс атқарды. Алапат соғыстың қырғынына ұшырап, қаза тапқандардың туыстарына қара қағаз түйдектеп келіп жатқан уақытта Сейткерім де майданға шақырылды. Бұл 1942 жыл болатын. Қазақ жерінен соғысқа аттанған өрендермен бірге 905-ші атқыштар полкінде  бірінші Беларусь майданына тап болды. Совет Одағының маршалы Г.К. Жуковтың басшылығымен әскер қатарында соғыса жүріп, жау ошағы Берлинге дейін аман жеткен. Жеңістен кейін елге, туған жерге оралып, ауданның әр түрлі мекемелерінде жұмыс істеді. Құшағын жайып қарсы алған елмен бірге қызметке араласты. Көзі ашық, көңілі ояу азамат соғыстан кейінгі тіршілікті қалыпқа түсіру жолында белсене еңбек етті. Ауылшаруашылық мекемесінің бухгалтері қызметінде жүріп, ел экономикасының өркендеуіне үлес қосты. Сұрапыл соғыстан кейінгі ер азаматтар жетіспей, көздің жасы құрғамай жатқан кезде қай жерде жұмыс қолы тапшы болса, майдангерлер сол жерге кірпіш болып қаланды. Алтынбаев Сейткерім де талай жұмыстың басында болып, қолынан келгенінше елі үшін еңбектене алды.

     1972 – 1980 жылдар арасында «Бақанас ондатр промхозында» жұмыс істеді, ол дайындаған ондатр терілері шет елдерде алтынның құнымен бағаланып, аудан экономикасының дамуына зор үлес қосты. ПМК – 01 комбинатында әр түрлі құрылыс жұмыстарын жүргізді.

1980 – 1984 жылдары «Иливодстрой» тресінің 130 ПМК мекемесінде еңбек етті, күріш алқаптарында сушы болып, күріштен мол өнім алу жолында қажымай үлес қосты. Кейін қойма меңгерушісі, директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары, ал зейнеткерлікке шыққанға дейін бригаданың звено жетекшісі жұмыстарын атқарды.

     Сейткерім ақсақал ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырды, немере өсіріп, олардан туған шөберелерін  көріп, солардың  қызығын көруде. Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өткен сон,  2016 жылы 99 жасқа толған ақсақал өмірді бұрынғыдай сүйеді, себебі ол өз өмірінде сол қырғында қыршынынан қиылған талай боздақтардың да көре алмай кеткен қызығы бар деп біледі.

     Ардагер ақсақалдың кеудесіндегі медальдары жұлдыздай жарқырайды.

     Ұзақ жасап, ғибратты ғұмыр кешкен, туған жеріне сыйлы, ардақты ардагерге «Балқаш ауданының Құрметті азаматы» атағы берілген.

Медальдары мен марапаттары:

Медальдары: «За взятие Берлина», «За освобождение Варшавы», «За победу над Германий в Великой Отечественной войне 1941 - 1945», «Кеңес Одағының Маршалы   Г.К. Жуков», «За Отвагу», «Ветеран войны», «Ветеран труда», «За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941 - 1945», «10 жыл Астана», «Балқаш ауданының Құрметті азаматы»;

Орден: « Отечественной войны ІІ степени»;

Ұлы Отан соғысының жеңісіне 20, 25, 30, 40, 50, 55, 60, 65 жыл;  КССР Қарулы күшіне 50, 60, 70 жыл; 

Сейдахмет Әбдірасылұлы - 1923 жылы Алматы облысы  Балқаш ауданындағы Бақанас селосында дүниеге келді. 1942 жылы әскерге алынып, ол қызу шайқастарға Украина, Латвия, Литва, Польша, Шығыс Пруссиядағы жаудан азат ету соғыстарына қатысты.

Соғысты 1945 жылы Германияда аяқтады. 1945-1947 жылдары Белорус әскери округіндегі 11 механикаландырылған дивизиянның оперативтік мәлімет жинап жеткізу пунктінің бастығы болды.

1947 жылы елге оралғаннан кейін аудандық жинақ кассасында инспектор, бас бухгалтер, аудандық дайындау конторы, аудандық сауда басқармасы бастығының орынбасары, аудандық құрылыс мекемесінің жоспарлау бөлімінің бастығы, 1970-1973 жылдарда аудандық коммуналдық шаруашылық комбинаты бастығы, аудандық құрылыс мекемесінің жоспарлау бөлімінің бастығы болып қызмет істеді. 1973-1985 жылдарда аудандық ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының төрағасы болып істеп зейнеткерлікке шықты. Бірақ жұмыстан қол үзген жоқ. 1985-1991 жылдарда аудандық ардагерлер кеңесі төрағасы болды. 1991 жылдан бері қазақ тілі қоғамының төрағасы. Әбдірасыл ұлының Отан Алдындағы еңбегі 1 –дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл жұлдыз» ордендері, оннан аса медальдармен аталып өтті. 1991-1996 –қазақ тілі қоғамының төрағасы болды, 2010 жылы Астана қаласында Жеңістің 65 жылдығына орай парад қатысушы Н.Назарбаев «Ерен енбегі үшін» медалімен мапараттады. Жұбайы Күләш Бекенқызы екеуі сегіз бала тәрбиелеп өсірді. Қызы Гүләиім ғылым профессор, доцент, қыздары Ләззат, Пакизат, Гүлнәзім дәрігерлік мамандықты игергендер. Гүлнүр құрылыс-сәулет университетінде ұстаз, профессор, доцент. Сейдекең жұртқа танымал,елдің елеулі, халықтың қалаулы  азаматтарының бірі. 2010 жылдың қарашада дүниеден озды.

Әбдіқай Нәзтаев 1924 Алматы облысы, Балқаш ауданы 14 -ші ауылында дүниеге келді. 1942 жылы Бақанас ауылының 9 сыныбын бітірді. 1942-1945 жылдарының аралығында Ұлы Отан соғысына қатысқан үшін "Ұлы Отан соғысының Ардагері",деген атағын алды. Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің майор атағының иегері. 1946 - 1948 жылдарда Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында сырттай оқыды.1948-1951 жылдары аудандық партия комитетінде нұсқаушы қызметін атқарады. 1951-1953 жылдары "Алматы" жоғары партия мектебінде оқыды. 1953-1961 жылдары "Ленин туы" аудандық газетінде редактор болып қызметін атқарды.

1961-1964 жылдары Ондатра шаруашылық мекемесінің директоры болып қызметін атқарды. 1966 - 1969 жылдары "Аққөл" орта мектептің директоры болып қызметін атқарды. 1969 - 1973 жылдары Жиделі совхозында партия комитетінің секретары болып қызметін атқарды. 1973 - 1976 жылдары "Қарой" совхозының "Үлгілі" орта мектебінің директоры болып қызметін атқарды. 1976-1977  жылдары "Көкжиде" ауылында орта мектебінде қызметі атқарды. 1977-1984 жылдары аудандық Әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1984 жылы құрметті зейнеткерлік еңбек демалысына шықты.

Аудандық партия комитетінде 12 жыл мүше болып, 6 жыл аудандық партия комитетінің бюро мүшесі болды. Облыстық партия комитетінің конференцияларына делегат болып 2 рет сайланған.Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, Қазақстан Республикасының халық ағарту ісінің үздігі, Балқаш ауданының Құрметті азаматы.

 

 

          

Бақанас ауылдық округі әкімі аппараты.

Дата публикации
13 октября 2022
Дата обновления
13 октября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026
Ақпарат
14 июля 2026
Балқаш ауданында сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде кандидаттарға берілетін үй-жайлар
Ақпарат
14 июля 2026
Алматы облысы Балқаш ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы