Балқаш ауданы, Ақкөл ауылдық округі, Ақкөл ауылының орта жағында орналсқан Орталық көшесінің атауын Ұлы Отан соғысының ардагері, «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері Ақылтай Тұрұшов деп атау беру мақсатында 2022 жылдың 10-шы қазанында тұрғындардың жалпы жиналысы өтіп, оған барлығы 65 адам қатысты. Жиынның қорытындысы бойынша Ақкөл ауылдық округі Ақкөл ауылының орта жағында орналасқан, Орталық көшесінің атауын Ұлы Отан соғысының ардагері, «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері Ақылтай Тұрұшов атынан беру жөнінде шешім қабылданып, облыстық ономастика комиссиясына жолданды.
Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты.