Меню

Страницы

Статья

Хабарландыру

         Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елдімекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №138 қаулысының 8-тармағының

 1), 2)-тармақшаларына сәйкес, 2022 жылғы қазан айының 10 күні, сағат 11-00-де Ақкөл ауылдық округі әкімдігінің мәжіліс залында Ақкөл ауылының орталық көшесіне Тұрұшов Ақылтай деп қайта атау беру туралы мәселе қаралатындығын хабарлаймыз.

 

Қосымша мәлімет:

Тұрұшов Ақылтай – Ұлы Отан соғысының ардагері. Ол  1913 жылы қаңтар айында Алматы облысы, Балқаш ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген.  3 жасында жетімдер үйіне өткізілген. Орыс тілін жетік меңгерген, 7 сыныптық білім алған.

1937 жылы әскер қатарына алынған.  Әскерде жүргенде 1939 жылы Кеңес-Фин соғысы басталып қатысса, одан кейінгі басталған Ұлы Отан соғысының алғашқы  күнінен бастап қатысып, 1945 жылы Варшава қаласында аяқтаған. Сол жерден  жапон соғысына жіберілген. 1947 жылы үш соғысқа қатысып, қан майданнан аман-есен, 10 жылдан кейін елге оралған.

Ұлы Отан соғысында 10-шы атқыштар полкында гвардия сержанты, барлаушылар бөлімшесінің командирі бола жүріп, көрсеткен ерліктері үшін 22 ақпан 1944 жылы «За боевые услуги», «Праганы азат еткені үшін», «Мы победили», «За отвагу» және түрлі атаулы медальдармен  марапатталған.

Суворов  атындағы атқыштар дивизия командирінің 21 мамыр 1945 жылғы №57/Н бұйрығымен СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының  атынан  әскери тапсырмаларды үлгілі орындағаны, неміс басқыншыларымен күресте ерен ерлік  көрсеткені үшін «ҚЫЗЫЛ ЖҰЛДЫЗ» орденімен марапатталған.  Ұлы Отан соғысының жеңісіне 20, 25, 30, 35 жыл; КССР Қарулы күшіне 50, 60 жыл атаулы медалдарымен марапатталған.

Бейбіт өмірде 1947 жылдан 1951 жылдар аралығында совхоз директорының орынбасары қызметінде,  ауыл шаруашылығында саласында басқада жұмыстар жасаған. 1970 жылдан 1983 жылдар аралығында Ақкөл совхозының жанар-жағармай қоймасының меңгерушісі қызметін атқарып, зейнетке шыққан. 1975 жылы СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының  шешімімен «Ветеран труда» медалімен марапатталаған. 

Елге оралғаннан кейін 1947 жылы Желторанғы ауылының бойжеткені Солтанаева Шайкүл Жапарқұлқызымен отбасын құрып, үш ұл, үш қыздың ата-анасы атанды.  Тұңғыштары Дариға 1949 жылы 16 қарашада дүниеге келген. 40 жыл бойы Қазақстан Тұтынушылар одағында қызмет жасаған. Ұлы Ақылтаев Съезбек 1956 жылғы. 1977 жылы Қазақ Ұлттық Политехникалық институтын, 1988 жылы Жоғарғы партия мектебін бітірген.  Қапшағай қаласында комсомол

 

 

комитетінің хатшысы қызметінен бастап   43 жылдан бері түрлі қызметтер жасап келеді. Бүгінгі таңда Қапшағай қаласының маслихат депутаты, Қапшағай қаласының құрметті азаматы. Тұрұшова Дарібала Ақылтайқызы, 1958 жыл 9 ақпан. ҚР экономика минстрлігінің ЖКХ және жер ресурстары басқармасында  қызмет жасаса, 1961 жылғы қызы Тұрышова Дартай  Ақылтайқызы сауда саласында қызмет жасаса, ұлдары Исаев Нығызбек пен Тұрұшов Қуатбек ұстаздық жолды таңдаған. Балаларының бәріне жоғарғы білім алып, халыққа қызмет жасауына жағдай жасаған.

         Тұрұшов Ақылтай 1985 жылы ақпан айында дүниеден озды.

 

Ақкөл ауылдық округі әкімі аппараты.

Дата публикации
10 сентября 2022
Дата обновления
10 сентября 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026
Ақпарат
14 июля 2026
Балқаш ауданында сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде кандидаттарға берілетін үй-жайлар
Ақпарат
14 июля 2026
Алматы облысы Балқаш ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы