Меню

Страницы

Статья

Бала тууына байланысты және баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша жәрдемақыны Halyk Homebank пен Kaspi.kz қосымшалары арқылы онлайн алуға болады.

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына байланысты тағайындалатын әлеуметтік жәрдемақыға Halyk Homebank пен Kaspi.kz мобильді қосымшалары арқылы өтініш беру үшін: - мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөліміне кіріңіз; - дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімді растау қажет; - «Баланың тууына жәрдемақыны» таңдаңыз; - өтініш берілетін баланың деректерін таңдаңыз; - барлық деректерді тексеріңіз де, ЭЦҚ арқылы өтінімге қол қойыңыз. Клиент өтінімді жіберіп, оны мемлекеттік орган қарағаннан кейін клиентке PUSH хабарламасы жолданады, өтініштің қарау нәтижесі мен тағайындалған жәрдемақы көлемі туралы SMS жіберіледі. Көрсетілетін қызмет түріне өтінішті бала туғаннан бастап 1 жыл ішінде кез келген уақытта жолдай аласыз. Өтінішті алдын-ала ХҚКО, электронды үкімет порталы арқылы немесе 1414 нөмірі арқылы SMS сервиспен беруге болды. Бұл қызмет жоғарыда аталған сервистер бойынша көрсетілетін ең танымал қызметтердің бірі болып табылады және тұрғындар арасында сұранысқа ие.

 

 

 
 
 
Дата публикации
04 июля 2022
Дата обновления
04 июля 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026
Ақпарат
14 июля 2026
Балқаш ауданында сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде кандидаттарға берілетін үй-жайлар
Ақпарат
14 июля 2026
Алматы облысы Балқаш ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы