Меню

Страницы

Статья

«Үйде отырып проактивті қызмет алу»

       

        Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Министрінің 2020 жылғы 20 сәуір №155/НҚ бұйрығымен бекітілген «Проактивті қызмет Ережесін бекіту туралы» қағидасының 2 тармағына сәйкес Проактивті мемлекеттік қызмет түрі енгізілді.

       Проактивті қызмет- қызмет көрсетуші субъекттің бастамасы бойынша берілетін, міндетті түрде қызмет алушы субъекттің ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы берген келісімімен, электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызмет.

      Бүгінгі күні проактивті тәсілмен төмендегі қызметтерді алуға болады:

      - мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау;

      - асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау;

      -  бала тууына және оның күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау;

      - «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрынғы «Батыр Ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;

      - көп балалы отбасына жәрдемақы тағайындау (2007 жылдан  үлкен балалар жүйеден табылмайды);

      - «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-нан еңбек ету қабылетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу жағдайы бойынша, бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау.    

      Бұл проактивті қызметтің артықшылығы -  мобильді азаматтар базасында (бұдан әрі-МАБ) тіркелген адамға Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) бөліміне жүгінбей-ақ, кез келген ыңғайлы уақытта, үйінде отырып, келіп түскен СМС хабарламасына жауап ретінде қажетті ақпаратты жіберу арқылы мемлекеттік қызметті рәсімдеу мүмкіндігі.

     Жүйе СМС хабарламаны қайда жіберетінін білуі үшін,  азаматтарға тұрғылықты жері бойынша ХҚКО-ға, сондай-ақ мобильді азаматтардың базасына  «электрондық үкімет» порталына жүгініп, мобильді азаматтар базасына тіркелуі қажет.

      

Құрметпен: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалының Әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Балқаш аудандық бөлімі

Дата публикации
04 июля 2022
Дата обновления
04 июля 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026
Ақпарат
14 июля 2026
Балқаш ауданында сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде кандидаттарға берілетін үй-жайлар
Ақпарат
14 июля 2026
Алматы облысы Балқаш ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы