Меню

Страницы

Статья

НҰСҚАУЛЫҚ: ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН ОНЛАЙН АУЫСТЫРУ

Жүргізуші куәлігіңіздің мерзімі аяқталып қалды ма? Келесі нұсқаулық бойынша әрекет етсеңіз чектің көшірмесін, нарко- және псих-диспансерлердің анықтамасын, басқа да құжаттарды жинап, автоХҚО-ға барып әуре болмайсыз. 1. Еgov.kz порталында кіріп, «Көлік және коммуникациялар» бөлімінен өзіңізге қажетті «Жүргізуші куәліктерін беру» опциясын таңдаңыз және онлайн тапсырыс беріңіз; 2. Егер айыппұлдарыңыз болса, алдын ала төлеп қойыңыз; 3. Дайын құжатты алып кетуге ыңғайлы автоХҚО-ны таңдаңыз; 4. Қан тобыңызды көрсетіңіз; 5. Белгілі үлгіде түсірілген фотоңызды жүктеңіз; 6. Ақ қағазға қол қойып, қолтаңбаның фотосын жүктеңіз; 7. Куәлігіңізде, мысалы көзілдірік секілді ерекше белгілер болса көрсетіңіз. Телефон нөміріңізді жазып, өтінішке ЭЦП арқылы қол қойыңыз; 8. 1,25 АЕК көлемінде мемлекеттік баж төлеңіз; 9. Құжаттың дайн болғаны туралы sms келген соң, автоХҚО-ға барып алып кетесіз. Жеке куәлік және ескі жүргізуші куәлігіңізді ұмытпаңыз.

 

 

Дата публикации
22 июня 2022
Дата обновления
22 июня 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026
Ақпарат
14 июля 2026
Балқаш ауданында сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде кандидаттарға берілетін үй-жайлар
Ақпарат
14 июля 2026
Алматы облысы Балқаш ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы