Меню

Страницы

Статья

ЖАҢА КӨЛІКТЕР ТАБЫСТАЛДЫ

Табиғат жанашырларының басты міндеттерінің бірі - орманды алқаптарды өрттен  сақтау. Дала өртінің алдын алу және оны болдырмау мақсатында мемлекет тарапынан жыл сайын қомақты қаражат бөлініп, табиғат қорғаушылар тарапынан түрлі іс-шаралар атқарылып, көптеген ауқымды жұмыстар жасалуда.

Осы аптада Бақанас орман шаруашылығының жұмыс кеңсесінің жанында табиғат жанашырларына жасалынып жатқан ауқымды іс-шараның  куәсі болдық.

Біріккен Ұлттар Ұйымының "Даму" бағдарламасының Алматы облысы бойынша сарапшысы Арман Тлепбергенов арнайы  келіп, Күрті орман шаруашылығы мен "Іле-Балқаш" резерват мекемесіне шағын өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған "УАЗ фермер"  көліктерін табыстады.

 Біріккен Ұлттар Ұйымының "Даму" бағдарламасы аясында, 2020-2024 жылдарға арналған «Тұран жолбарысының реинтродукциясына жағдай тудыру және Ұлытау таулы массивінің тарихи-мәдени және табиғи нысандарын сақтап  қалуды қолдау көрсету» жобасын іске асыру мақсатында табысталған үш көліктің біреуін "Іле-Балқаш" резерват мекемесі қабылдап алса, ал екі көлікке Күрті орман шаруашылығы ие болды.

 Өрт сөндіру құралдарымен толықтай жабдықталған көлікте 500 литр су құйылатын арнайы ыдыс пен өртке су шашатын құрылғы орнатылған.  Сонымен қатар орманшылардың өрт сөндіру кезінде киетін арнайы киімдері және өртке қарсы қолданылатын қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Дала өрттерін болдырмау және  оның алдын алудағы негізгі мақсат-орманды алқаптарды мекендейтін жануарлардың өміріне қауіп төндірмеу.  Біз олардың өсіп-өнулеріне жағдай жасау арқылы кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдыра аламыз.

Сондықтан да барша аудан тұрғындары дала өрттерін болдырмаудың алдын алып, орманшыларға қолдау көрсетіп, табиғатқа жанашыр болайық, ағайын!

Дата публикации
25 марта 2022
Дата обновления
25 марта 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026
Ақпарат
14 июля 2026
Балқаш ауданында сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде кандидаттарға берілетін үй-жайлар
Ақпарат
14 июля 2026
Алматы облысы Балқаш ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы