Меню

Страницы

Статья

Жер кадастры мамандарының кәсіби мерекесі атап өтілді

Жер кадастры мамандарының кәсіби мерекесі атап өтілді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" Алматы облысы бойынша филиал директорының м.а Илияс Белгибаев мекеме құрамындағы жер кадастры бағыты бойынша жұмыс істейтін әріптестерін кәсіби мейрамымен құттықтады. Жерге орналастырушы, геодезия және картография мамандарының кәсіби мерекесі наурыздың екінші сенбісінде тойланып келеді. Мемлекеттік корпорация құрамындағы жер кадастры басқармасы арқылы былтырғы жылы 65000 жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл мереке жерге байланысты бірқатар кәсіп иесінің ортақ мейрамына айналды. "Сіздер жерге орналастыру, геодезия және картография саласының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып келесіз. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Кәсіби шеберліктеріңіз бен адал еңбектеріңіз мемлекеттік қызмет көрсету саласының бұдан әрі дамуы мен өркендеуінің мызғымас кепілі болатынына сенімдіміз»,– деп атап өтті өз құттықтау сөзінде И.Белгибаев. Кәсіби мереке қарсаңында "Жер кадастр" басқармасының қызметкері Сейтжапаров Ерлан Сейтжапарович Кәсіподақ төрағасының медалімен марапатталса 50 ге жуық қызметкер құрмет грамотасына ие болды.

Дата публикации
18 марта 2022
Дата обновления
18 марта 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026
Ақпарат
14 июля 2026
Балқаш ауданында сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде кандидаттарға берілетін үй-жайлар
Ақпарат
14 июля 2026
Алматы облысы Балқаш ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы