Мемлекеттік корпорацияда жеңілдікті терезені кім пайдалана алады? Әрбір фронт-офисте жеңілдігі бар терезе жұмыс істейді, онда мүгедектігі бар азаматтар мемлекеттік қызметтерді кезек күтпей-ақ ала алады. Жеңілдікті терезелер осы санаттағы азаматтарға қызметтерді тез және сапалы алуға көмектеседі. Мысалы, есту бойынша мүгедек-келушіге қызмет көрсету кезінде ауызша сөйлеуді ымдау тіліне және керісінше аударатын "сурдо-онлайн" сервисі іске қосылады. Сондай-ақ, 1 немесе 2 мүгедектік тобы бар адамдар және ҰОС ардагерлері ХҚКО қызметкерлерін үйге шақыра алады. Маманды шақыруға өтінімді 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы қалдыруға болады. Өтінім бергеннен кейін Мемлекеттік корпорация мамандары құжаттардың толықтығын нақтылайды және Мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақытын белгілейді. ХҚКО қызметкерлерінің үйге шығуы 7 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады және тегін негізде көрсетіледі.