Меню

Страницы

Статья

Хабарландыру

Хабарландыру
"Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипцияларындағы нақтылау мен өзгерістер кезінде тиісті аумақтар халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысының 8-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, 2022 жылғы 14 наурызда сағат 15.00-де Балқаш ауданы, Көкжиде ауылы, Мектеп көшесі №15 үй мекенжайындағы "Көкжиде орта мектебі" ғимаратында 1. Көкжиде ауылының орта бөлігінде орналасқан мектеп көшесін халық ақыны Медет Жиенбайұлы көшесі деп қайта атау туралы мәселе қаралады.
Хабарландыруда өзгерістер болған жағдайда біз сізге қосымша хабарлаймыз. Барлық сұрақтар бойынша 8(72773) 93-2-17 телефонына хабарласыңыз.

Өмірбаян

Ақын Медет Жиенбайұлы

    Шайыр  ақын   Медет  Жиенбайұлы 1888 жылы Алматы облысы, Балқаш ауданы, Көкжиде ауылында дүниеге келген. Халық ақыны, жырау Медет Жиенбайұлы ес біліп, есейген шағынан бастап, бойына біткен табиғи ақындық қасиет ертеден ерекешеленеді. Жас кезінде ауыл арасындағы той-жиындарға өлең айтып, айтысқа түсіп, ақындық өнерімен  таныла бастайды.

  Жалындаған жас ақын, өткен ғасырдың 1921-1942  жылдары Іле бойында Совет үкіметі орнағаннан кейін, 1921-1942 жылдары партия совет жұмыстарына белсене араласты. Ақын 1924 жылы партия қатарына қабылданып, кәсіподақ комитет төрағасы болып сайланды.

Сол жылдары ауданымыздағы ұйымдастырылған ауылдарда ауыл арасындағы іріткі салып, алауыздықты тудырып, ел берекесін кетірген  Әмірбек, Көшербай сияқты бандылармен күресе отырып, ел шырқын бұзбай, бейбіт өмір сүруге өз  үлесін қосты. Халықты өз өлең жырларымен ауызбіршілікке, татаулыққа үндеді.

1921-1930 жылдары Балқаш ауданының Шегелек ауылының болысы болды, 1930-1934 жылдары Заготживсоюздың, колхозсоюздың бастығы,

1934-1939 жылдары Елтай, Ақтоғай колхоздарында саяси хатшы,

1939 жылдары ауданымыздың шаруашылық жұмыстарында еңбек етті. 1987 жылы Медет Жиенбайұлының бір топ өлеңдері «Шұғыла» атты халық ақындарының жыр кітабында басылып шығарылған.

Медет ақын кезінде атақты Біржан салмен айтысқан,  қазақтың белгілі қыздарының бірі Сарамен кездеседі. Жамбыл ақынның төңірегіне топтасқан Қалқа Жапсарбаев, Кенен Әзірбаев, Үмбетәлі, Нүрия, Табиялармен талай-талай шаршы топқа түсіп, дәмдес болған ақын.

Медет ақынның 90 жылдық мерейтойы Көкжидедегі клубта өтті. Ақын атаға «Көкжиденің көктерегі» деп сол кісілер арнау арнаған.

Ақын атамыз 1978 жылы өзінің кіндік қаны тамған туған ауылында дүниеден өтті.

      Өзінің еңбегі мен Отанына деген патриотизмінің арқасында Медет Жиенбайұлы адамдардың есінде жақсы ат қалдырды.

 

Дата публикации
19 февраля 2022
Дата обновления
19 февраля 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026
Ақпарат
14 июля 2026
Балқаш ауданында сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде кандидаттарға берілетін үй-жайлар
Ақпарат
14 июля 2026
Алматы облысы Балқаш ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы