Меню

Страницы

Статья

Хабарландыру

Хабарландыру

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №138 қаулысының  8-тармағының, 1), 2) тармақшаларына сәйкес, 2022 жылғы наурыз айының  14 күні, сағат 15.00-де Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Д.Қонаев көшесі №75 б мекен-жайда орналасқан «Бақанас ауылдық округі әкімі аппараты»  мемлекеттік мекемесінің ғимаратында, Бақанас ауылының батыс жағында орналасқан атауы жоқ көшеге Малтабаров Амантай Жайлауұлы  деп атау беру туралы  мәселе қаралатындығын хабарлаймыз.

 

                                                Бақанас ауылдық округі әкімі аппараты.

 

                                                               

Өмірбаян

         Малтабаров Амантай Жайлауұлы 1935 жылы Балқаш ауданының Иір ауылында дүниеге келген.

         1954-1956 жылдары Совет Армиясы қатарында әскери қызметін өтеп жүрген кезінде-ақ, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, ұйымдастырушылық, іскерлік қабілетімен округ командирінің көзіне түседі. Полк командирінің саяси жұмыс жөніндегі орынбасарының көмекшісі болып, офицерлік дәрежедегі қызметті де абыроймен атқарады.

         Қызмет бабындағы атқарған ауқымды жұмыстары мен игі істері аудан басшыларының назарына ілініп, аудандық Советтің депутаты, атқару комитетінің мүшесі болды. Іскер де ұйымдастырушылық қабілеті жоғары бағаланып, 1957 жылы аудандық мәдениет бөліміне басшылық қызметке тағайындалды. Малтабаров Амантай Жайлауұлының көпшіліктің көңілінен шығып, ел құрметіне бөленген сәтті жұмысы осылайша басталды. Бұл лауазым да ол кісі үшін жаңалық болмады, үйреншікті ел арасындағы қызметке айналды. Ал шындығына келгенде, сол шақтарда мекеменің аты ғана болмаса, заты жоқтың қасы болатын. Сондықтан Малтабаров Амантай Жайлауұлы оны ел игілігіне жарату үшін көп қиындық көрді. Сондай қиындыққа қарамастан, Амантай Жайлауұлы ел игілігі үшін қызмет етуге жанын салатын.  Жұмысының алға басатынына көзі жеткен Амантай Жайлауұлы  клубты жөндеп, өз күшімен қосымша зал жасады. Парк ішінен отыратын жаздық кинотеатр да соқты. Бұл ісі арқылы Амантай Жайлауұлы  бүкіл халықтың алғысына бөленді.

         Осылайша, көпшіліктің көңілінен шыққан бұл жұмысты тек аудан орталығында ғана емес, бүкіл ауылдарда ұйымдастырды. Шаруашылықтар клуб үшін ең жақсы үйін беріп, халықты ұйымдастырса, жылына екі рет көркемөнерпаздардың аудандық байқауы өтіп, оған 200-ден астам адам қатысқан. Амантай аға байқаудың қорытындысында 150- 200 адамды Алматы қаласына апарып, дүйім жұртқа Балқаштың әнші, күйші, бишілерін танытты. Балқаштық өнерпаздарды ел теледидар арқылы жиі көріп тамсанды.

         Амантай Жайлауұлының  құрған театрдың атағы елге жайылып, Мәдениет министрінің  халық театры атағын  алған. Өнердің өрістеуіне жанашырлық танытқан ол аудан орталығын көркейтумен айналысты. 1971 жылға дейін аудандық мәдениет бөлімінің бастығы қызметінде жан-жақты қырынан көріне білді. Аудандық мәдениет үйінің жанынан халық театрының құрылуына зор еңбек сіңіріп, қандай салада болмасын қарапайымдылық сынды қасиетінен таймады. 1971-1975 жылдары аудандық мемлекеттік ондатра шаруашылығының директоры, 1975-1977 жылдары аудандық атқару комитетінің жоспарлау бөлімінің төрағасы қызметін де абыроймен атқарды.

         Елге сіңірген еңбегі бағаланып, мәдениет саласындағы ерен еңбегі үшін «Құрмет белгісі» орденімен, «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» төсбелгісімен, комхозда директорлық қызметтегі елеулі еңбегі үшін «Коммуналды шаруашылықтың үздігі» төсбелгісімен және көптеген Құрмет грамоталарымен марапатталған.

         Малтабаров Амантай Жайлауұлы елі мен жерінің дамуы жолында еңбек етіп, бүкіл өмірін туған жердің түлеуіне арнады. Амантай Жайлауұлының өмір жолы, өнегелі істері-келер ұрпаққа қашанда өнеге. Нағыз патриоттықтың үлгісін көрсетіп, Отанға деген сүйіспеншілікті туған жерге сіңірген зор еңбегі арқылы дәлелдеген Амантай Жайлауұлының артында бүгін де игі істері мен жақсы аты қалды.

 

 

 

Дата публикации
12 февраля 2022
Дата обновления
12 февраля 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026
Ақпарат
14 июля 2026
Балқаш ауданында сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде кандидаттарға берілетін үй-жайлар
Ақпарат
14 июля 2026
Алматы облысы Балқаш ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы