3 ақпан - Дүниежүзілік сайлау күні!
Жыл сайын ақпанның алғашқы бейсенбісінде барлық елдерде 2005 жылы Будапештте сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде құрылған Дүниежүзілік сайлау күні аталып өтеді. Биыл мереке 3 ақпанда өтеді.
Дүниежүзілік сайлау күнін атап өту дәстүрі Еуропа елдерінің сайлауын ұйымдастырушылар қауымдастығымен басталған, ал Қазақстан Республикасы оның толық құқылы мүшесі болып табылады.
Дүниежүзілік сайлау күнін белгілеу арқылы қоғам санасында демократияландыру процесін жүйелеу, сайлау процесіндегі жетістіктер туралы халықты хабардар ету және сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға бейімділікті қалыптастыру болып табылады.
Еліміздегі өткен сайлау процестері аудан тұрғындарының сайлау және сайлану құқығын іске асыруға бағытталған.Сайлауды ұйымдастыру және өткізу саласының мамандары азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мен тұрғындардың сайлауға белсенді қатысуын көздеді.
Балқаш аудандық сайлау комиссиясының мәліметінше, ауданда 23 сайлау комиссиясы құрылған, оның ішінде жалпы саны 139 адамды құрайтын 1 аумақтық және 22 учаскелік сайлау комиссиялары бар. 2022 жылғы 3 ақпанда, Балқаш ауданында аумақтық сайлау комиссиясында "Ашық есік күндері" өткізіледі. Ашық есік күндері мен бірге сайлау комиссияларының мүшелері орта мектеп оқушыларымен «Таңдау және сайлану конституциялық құқығы» тақырыбында кездесулер өткізіледі.Шараның негізгі мақсаты - жастарға сайлау жөнінде толыққанды ақпарат беру, олардың саяси, заңдық сауатын жетілдіру.
Ұйымдастырушылардың алдына қоятын негізгі міндеті - еліміздің азаматтарының санасында негізгі демократиялық қағидаттар мен постулаттарды орнықтырудағы сайлаудың рөлін ашу, жас сайлаушылардың өз құқығын білуі және түсінуі, Конституциямен кепілдік берілген демократиялық бостандықтарды жүзеге асыру шеңберінде тікелей немесе өзінің еркін сайланған өкілдері арқылы мемлекетті басқаруға қатысу мүмкіндігін беру.