ЭЦҚ-ны қашықтан алу Құрметті оқырман, мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі Egov.kz порталы арқылы көрсетілетінін білерсіз. Ал олардың негізгі бөлігін растау мен алу электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүзеге асады. ✍️ Олай болса, #oqy&toqy айдарындағы бүгінгі тақырыбымызды ЭЦҚ-ны қашықтан қалай алуға болатынына арнамақпыз. 📌Egov.kz порталына кіріңіз; 📌 Басты беттегі ЭЦҚ-ны қашықтан алу батырмасына басыңыз да, қызметке онлайн тапсырыс беріңіз; 📌 Порталға бейнекамераны қосуға рұқсат етіңіз; 📌ЭЦҚ түрін таңдаңыз да ЖСН нөміріңізді теріп, қызметке тапсырыс беріңіз; 📌 Жеке басыңызды растайтын құжат түрін таңдаңыз; 📌Телефоныңыздың нөмірі мен SMS кодты теріңіз; 📌Бейне сәйкестендіру сілтемесіне өтіңіз де, камераға қараңыз; 📌Жеке кабинетіңізге жасырын сөз ойлап тауып, құжаттар батырмасына өтіңіз; 📌Жеке басыңызды растайтын құжатты «файлды жүктеу» немесе «суретке түсіру» арқылы порталға енгізіңіз; 📌Құжат жүтелген соң, жеке кабинетіңіз үшін енгізген жасырын сөзді теріп, оған кіріңіз; 📌 Өтініштің электронды нұсқасына электронды мекен-жайыңызды қосыңыз; 📌Кілтті сақтау орнын таңдап, оның орналасқан жолын көрсетіп өтінішті жіберіңіз; 📌Соңғы беттен өтініштің статусын көре аласыз; 📌 Кілт дайын болған кезде оған құпия сөз ойлап тауып енгізіңіз; 📌Сертификатты жүктеңіз.