Аудан әкімі Астана күнімен құттықтыда
Аудан әкімі Астана күнімен құттықтыда
Астана күні-еліміздегі мемлекеттік мерекелердің бірі саналады. Аталған мереке жыл сайын 6 шілдеде республикамыздағы барлық өңірде аталып өтеді. Қазақстанның жас елордасы, бүгінгі Нұр-Сұлтан қаласы– қарыштап дамыған мемлекеттің, мәңгілік достықтың символы.
Осы орайда мерейлі мерекеге орай, аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы Балқаш аудандық филиалының төрағасы Тоқпейісов Ғалым Қасымұлы орынбасары Бөріхан Әбдібаевпен бірге өзінің жұмыс кеңсесінде өңіріміздің өсіп-өркендеуі жолында еңбек етіп келе жатқан бірқатар қызметкерлерді марапаттады.
Атап айтар болсақ, аудан әкімінің Құрмет Грамотасына Бақанас мектеп-интернатының бастауыш сынып мұғалімі -Ақмарал Құрманбекова, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы-Ришат Манат, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы-Айбын Жұмабеков және аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы-Әлия Жыршыбаевалар лайық деп танылса, ал аудан әкімінің Алғыс Грамотасымен аудандық Орталық аурухананың балалар бөлімінің мейірбикесі-Гаухар Мұхтар, аудандық статистика басқармасының бас маманы-Гүлмира Қуанышбаева, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы-Жанар Иманбаева, аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы-Нұргүл Шаяхметова, ауыз су мекемесінің жүргізушісі-Бекболат Жексенов және Бақанас орманаң шаруашылығының орман шебері Еділ Нағашбаев марапатталды.
Жас елорданың көз сүріндірер келісті келбеті күн өткен сайын жасарып, көркейіп, гүлдене түсуде. Жаңаша қарқын алған құрылысымен ғана емес, соңғы технологиялар негізінде салынып жатқан гүлзарларымен, аллеяларымен сырттан келушілердің назарына ілініп, шетелдіктерді таң қалдырудан көз ілестірмеген еңселі елордамыздың алдағы уақытта одан әрі гүлдене түсетіні анық.