Меню

Страницы

Статья

Балқаш ауданының 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары және 2021 жылдың міндеттері туралы

Балқаш ауданының 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары және 2021 жылдың міндеттері туралы

       

Құрметті Ләззат Махатұлы!

Қадірменді жерлестер!

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастауымен әлемдік пандемиямен, оның салдарынан туындаған жаһандық сипаттағы қиындықтарға қарамастан Қазақстан экономикасы ілгеріленіп, даралана білді. Экономикалық-әлеуметтік ахуалды одан әрі сауықтыра келе, саяси бағытта батыл реформалардың басталғаны мәлімделді. Соған орай, сол саяси істер – қоғам игілігіне, бүкіл Қазақстан халқының мақсат-мұраттарына қызмет етуді қамтамасыз етті.

Заманауи тиімді мемлекет, азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қарқынды дамыған және инклюзивті экономика, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі, қуатты өңір – қуатты ел деп аталатын 5 басым бағытты қамти отырып, еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуының алғышарттары айқындалып, қарқынды орындалуда.

Президентпен Үкімет және әкімдерге қойылған басты міндет мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ете отырып, халықпен кері байланыс орнатуды қамтамасыз ету болып табылды. 

       Заңдардың өзгеруі мен қабылдануы,  барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы барысындағы елдің бірлігі, мемлекет басшысы саясатына деген халықтың қолдауы – соның айғағы десек орынды болар. 

       Бүгін ел экономикасы қарқынды даму жолына түскенін әлем қауымдастығы мойындап отыр. Экономиканың барлық салалары сауығып, өркендеуге бетбұрыс  жасалды. Ұзақ мерзімге белгіленген бағыт-бағдар бойынша атқарылған істердің нәтижесі қазір айқын танылуда. Стратегиялық бағдарламаларға сәйкес жедел жүргізілген реформалар ел өміріне оң өзгерістер әкелді. Өркениетті елдердің озық технологиялары барлық салаға дендеп енді. Жаңа кезеңнің жаңашыл, біліктілік пен білімділіктің қыр-сырын жетік меңгерген адамдары көптеп пайда болды.

       Бүгінгі  Қазақстан – қоғам  өмірінің  барлық  салаларында оң нәтижелерге   жетіп,  экономикасы, білімі  мен  мәдениеті  тұрақты  дамыған,  ынтымағы  жарасып,  берік  нығайып  келе  жатқан  еңселі  ел  болып  танылды. 

       Осындай іргелі іс, жақсы жаңалықтарда біздің Балқаш ауданы жұртының да сүбелі еңбегі бар екенін бүгін қуана айтсақ қате болмас.

       Облысымыздағы барша аудандар сапында біздің Балқаш елі де мемлекеттік саясатты қолдап, қуаттай отырып, ертеңгі күнге деген ерекше ұмтылысты өрістетіп келеді.

        Барлық деңгейдегі әкімдіктер  берген  тапсырмаларды  орындау  үшін  жүйелі  шаралар  қабылдау  арқылы  бірте-бірте  алға  басып  келеді. 

Аудан әкімдігімен барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындармен есептік кездесулерінде айтылған ұсыныстар мен ескертулерді жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын орындау жөнінде бірқатар жұмыстар жүргізілді.

2020 жылдың 13 қаңтар - 27 қаңтар аралығында аудан әкімі және ауылдық округі әкімдері ауылдық округ орталықтары мен ірі елді мекендер тұрғындарымен 29 кездесу өткізді. Аудан әкіміне 10 ұсыныс, ал ауылдық округ әкімдеріне 6 ұсыныс-пікір айтылды. Оның ішінде 2020 жылдың 1 желтоқсанына аудан әкіміне және  ауылдық округ әкімдеріне ешқандай ұсыныс - пікір түскен жоқ.

Аудан тұрғындарынан түскен 16 ұсыныс-пікірлер жыл ішінде толығымен орындалды.

Атап айтсақ Құйған ауылындағы мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтауға қосымша 78,9 млн. теңге қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, қолданысқа берілді.

          Сол сияқты тағы да Құйған ауылындағы Ш.Омарбеков көшесінің орташа жөндеу жұмыстарын аяқтауға  қосымша 53,5 млн. теңге қаржы бөлініп, толығымен орташа жөндеуден өтті.

Көктал ауылындағы ауыз су құбырына күрделі жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге қажетті 4,9 млн. теңге қаржы бөлініп, жобалық-сметалық құжаттамасы жасалынып, мемлекеттік сараптамадан өтті.

Көкжиде ауылының 2 көшесінің жасалуына 29,4 млн. теңге қаржы бөлініп, толығымен жасалды.

Бақбақты ауылындағы 2019 жылы басталған Төле Би көшесінің орташа жөндеу жұмыстарын аяқтауға  биылғы жылы қосымша 28,8 млн теңге қаржы бөлініп толығымен жасалды.                            

Бірлік ауылындағы Бірлік орта мектебін абаттандыруға 9,7 млн. теңге қаржы бөлініп, толығымен абаттандырылды.

Бақанас ауылындағы Сейфуллин көшесін абаттандыруға 241,3 млн. теңге бөлініп,  жұмыстары толығымен аяқталып, нысан қолданысқа берілді.

Бақанас ауылындағы 2019 жылы басталған Қонаев көшесінің орташа жөндеу жұмыстарын аяқтауға  биылғы жылы қосымша 242,4 млн теңге қаржы бөлініп толығымен жасалды. 

Бақанас ауылдық округі бойынша Бақанас ауылында 321,1 млн. теңгеге 20  жалгерлік тұрғын үй  құрылысы жүргізіліп, әлеуметтік жағдайы төмен  мүгедектер мен көп балалы отбасыларына берілді.

Халық сұранысы бойынша Бақанас ауылының  Ахметов көшесіне  қажеті 115,9 млн. теңге қаржы тартылып, орташа  жөндеу жұмыстары жасалды.

       Жиделі ауылындағы ауызсу жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстарына 3,0 млн. теңге қаржы тартылып жобалық-сметалық құжаттамалары жасалынды.                     

Балатопар ауылы бойынша үш жылға (2018-2019-2020 жж) 360,0 млн. теңге қаржы тартылып Топар өзенінің табаны тазаланды.

Ақжар  ауылы бойынша 2019 жылы басталған Тұйғынбаев көшесінің орташа жөндеу жұмыстарын аяқтауға  биылғы жылы қосымша 18,5 млн теңге қаржы бөлініп толығымен жасалды.                           

Қарой ауылында 94,4 млн. теңгеге саябақ салынып, қолданысқа берілді.

       Береке ауылындағы мәдениет үйіне қажетті 207,7 млн. теңге қаржы бөлініп күрделі жөндеу жұмыстары толығымен жасалынды.

Ақдала ауылындағы Ақдала орта мектебіне қажетті 10,5 млн. теңге қаржы бөлініп абаттандыру жұмыстары жасалынды.

Сонымен қатар аудан әкімі аппаратына және ауылдық округ аппараты мен аудандық бөлімдерге 2020 жылы түскен жүгінулердің жалпы саны 621, қабылдау кезінде түскен өтініштер саны 587, барлық түскен жүгінулер мен өтініштер сапалы және уақтылы қаралып, нақты шешімдер қабылданып,  қанағаттандырылды.

Қадірменді  қауым!

Заман талабына сай біздің аудан халқы да 2020 жылы короновирус дертіне байланысты карантиндік шараларға қарамастан, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосты. Президент Жолдауларындағы шараларды жүзеге асыру нәтижесінде ауданымыздағы экономиканың барлық салаларында дамудың оң қарқыны сақталып келеді.

Облыстың  2016-2020 жылдарға арналған орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы шеңберінде қабылданған Балқаш ауданының тиісті бағдарламасын 2020 жылы жүзеге асыру барысында бірқатар жұмыстар атқарылып, 2021 жылға болжам белгіленді.   

Ауылшаруашылық саласы бойынша 2020 жылы ішкі жалпы өнім              26,8 млрд. теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 101,7%-ға жетті. (2019 жылы    25,9 млрд.тенге)

Егілген егіс көлемі барлығы  29809 га. Оның ішінде күріш - 8861 га, (арпа- бидай - 7030 га және дәндік жүгері - 200 га, картоп - 490 га, көкөніс - 370 га, бақша дақылдары - 40 га және мал азықтық дақылдары- 12818 га).

7030 га арпа-бидай бастырылып (100%), қамбаға 13357 тн (102,7%) астық құйылды (өнімділік арпа- бидай -19 ц/га). (былтыр 13 000 тн - 20,5 ц/га)

8861 га  күріш алқабы орылып бастырылды, 33709 тн күріш қамбаға құйылды, орташа өнімділік гектарына 43,3 центнерді құрады.

Күзгі дала жұмыстарына арзандатылған 620 тонна (көктемде 600 тонна толық алынды) дизель отыны бөлініп пайдаланылды. Күзгі 7000 га сүдігер (зябь)  дайындау жұмыстары аяқталды.

Жыл қортындысымен ет 18043 тонна (102,8%), сүт 26139 тонна (103,4%), жұмыртқа 3541 мың дана (101,6%) орындалды.

Ет экспорты бойынша ауданға берілген жоспар 275 тн болса (облыс- 2200 тн), бүгінгі күнге 100 тн ет экспортталды (36 % , облыс 28 %).

Мал басы бойынша: аудандағы ірі қара малы саны 97713 басқа жетті (2019ж 91586 бас), немесе 108,3 пайызға, жылқы 28033 басқа (2019ж 25007 бас), 109,1 пайызға, түйе 128 бас (2019ж 114 бас), 112,3 пайыз, барлық құс 25215 (2019ж 25165), немесе 100,2 пайыз, қой-ешкі 96228 басқа жетіп (2019ж 96036бас), 100,2 пайызды құрады. Оның ішінде асыл тұқымды мал санының үлесі: ірі қара 22687 бас болып, 23,1 пайызға, қой-ешкі 7468 бас болып, 7,1 пайызға, жылқы 5662 бас болып 21,0 пайызды құрады.

ПУИД-2 бағдарламасы бойынша Бірлік, Береке, Бақбақты, Акдала с/о аумағында  «ТАМАС» ЖШС-гі  7481 га  алқаптың каналдарына тазалау жұмыстарын жүргізуде. Жоба бойынша осы аумақта 135  шақырым канал,  139 шақырым коллектор және 6720 дана гидротехникалық ғимараттар ауысады. Жоба екі жылға жоспарланған, аяқталу мерзімі 2021 жылдың қараша айы. Тапсырыс беруші  «Экология, геология және табиғи ресурстар  министрлігінің Су ресурстар комитеті».

Бүгінгі күнде  90 шақырым канал, 100 шақырым коллектор, 48 шақырым алқап аралық канал (КО) тазаланды. Құрылыс басында 6- эксковатор, 1-бульдозер, 8-басқадай техникалар және 35 механизатор жұмысқа  жұмылдырылған. Сонымен қатар шауруашылық құрылымдары өз күштерімен каналдарды қосымша тазалауда.

Ағымдағы жылы ауданымыздың бірқатар ауылдық округтерінде саяқ шегірткеге қарсы дәрілеу жұмыстары жүргізілді.

Атап айтқанда: Бақанас а/о-500 га, Миялы а/о- 406 га, Бірлік а/о- 550 га, Бақбақты а/о-550 га, Береке а/о- 557 га , Желтораңғы а/о-696 га. Барлығы аудан бойынша 3259 га аумақты қамтыды.

Өнеркәсіп саласы бойынша өндірілген өнім көлемі - 2 665,0 млн.тенгеге жетіп, нақты көлем индексі 108,2% құрады (2019 ж - 2160,8 млн.тг)

Шаруашылықтарда 12134 тонна күріш, 3583 тонна сечка, 715 тонна балық өңдірілді.

Инвестиция саласы бойынша - 8 637,3 млн.теңгеге инвестиция тартылып, нақты көлем индексі 110,7%-ға жетті. (2019 ж - 7126,4 млн.тг). 

«Динара ранч» ЖШС-і жеке қаражат есебінен 1,5 млрд. теңгеге 1500 бас сүтті бағыттағы ірі қара малын сатып алып және 1,0 млрд теңгеге тауарлы сүт фермасын іске қосты.

Орта және кіші кәсіпкерлікті дамыту саласы бойынша 1657 кіші кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істеп, онда 5980 адам жұмыспен қамтылған. Шағын бизнес субъектілерінен 321,1 млн. теңгеден астам салық және басқа да міндетті төлемдер жиналды (Жергілікті бюджет түсіміндегі үлесі 33,9%).

Бөлшек сауда айналымының көлемі  4 227,3 млн. теңгені құрап       (2019ж-4 114,9 млн.тг.), нақты көлем индексі 96,0% болды. Аудандағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында 15 ауылдық округінде топ құрылып, жұмыс жасап, 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы қатаң бақылануда.

Құрылыс саласы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі                      6 100 млн.теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 131,6%-ды құрады.                    (2019 ж. - 6 328,1 млн.тг)

7800 шаршы метр 82 тұрғын үй қолданысқа беріліп, өсу қарқыны 111,7%-ға жетті.

Сонымен қатар Бақанас ауылында 321,1 млн. теңгенің 20 жалгерлік  үйлері (І және 2 топтағы мүгедектер санаты бойынша - 4 азаматқа, Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбилеуші отбасылар санаты бойынша - 2 азаматқа, Жетім балалар санаты бойынша - 4 азаматқа, Көп балалы отбасылар санаты бойынша - 7 азаматқа, Толық емес санаты бойынша- 2 азаматқа, Зейнет жасына шыққан Зейнеткерлер санаты бойынша - 1 азаматқа)  Тәуелсіздік күні қарсаңында қолданысқа беріледі.

Жеке меншік тұрғын үйлер құрылысына Бақанас ауылындағы 40 га жерге инженерлік коммуникациялық желілерінің сумен жабдықтау жұмыстарына 130,8 млн. теңге қаражат бөлініп, жұмыстары 100%-ға орындалды. 8 157 метр су құбыры жүргізіліп, 125 құдық орнатылды. Электрмен жабдықтау құрылысына 249,7 млн. теңге қаражатына 697 электр бағаналары қойылып, 12 көшеге түнгі жарық қосылды.

 Табиғи газ құбырын тарту жұмыстарына қаражат бөлініп, Бақанас ауылының көшелеріне газ құбырларын тарту жұмыстары 65%-ға, Ақдала ауылында бүгінгі таңда төмен қысымды газ құбырларын тарту жұмыстары 90%-ға атқарылып, аталған екі ауылда биылғы жылы іске қосылатын болады.

Жалпы алдағы уақытта барлығы  3 млрд. 728 млн. теңгеге, оның ішінде, Миялы ауылына  406 млн.теңгеге, Бақбақты  ауылына 986 млн.теңгеге, Бірлік  ауылына 1 млрд. 19 млн.теңгеге, Бояулы ауылына 442 млн.теңгеге табиғи газ тартылатын болады.

 «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы бойынша Бақанас ауылынан «Дене шынықтыру, сауықтыру кешенінің» (ФОК) құрылыс жұмыстары 2019 жылдың қазан айынан жалпы құны 1 млрд. 102 млн. теңгеге басталып, бүгінге 90% жұмыстар атқарылды. Құрылыс жұмыстары наурыз айында аяқталатып, қолданысқа берілетін болады.

Сонымен қатар облыстық бюджет қаражаты есебінен Орталық аудандық ауруханаға қайта жаңғырту жұмыстары 2020 жылдың тамыз айынан бастап 1 млрд. 908 млн.теңгеге ауданымыздың орталық ауруханасының қайта жаңғыру жұмыстары (реконструкция) басталды. 2020 жылы 360,0 млн.теңге игерілді.

"Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы аясында 2,5 млрд.теңгеге 30 жоба іске асырылды:

Бақбақты ауылында "Күншуақ" (Солнышко) бала бақшасының қайта жандандыру 367,2 млн.теңгеге жұмыстары аяқталды.

Көктал ауылындағы Ахметов орта мектебіне, жалпықұны 458,8 млн.теңгеге, Құйған ауылының Бозжанов орта мектебіне 61,4 млн теңгеге күрделі жөндеу өтіп, пайдалануға берілді.

11 мектептің ішкі дәретханаларының жөндеу жұмыстарына 25,5 млн.теңге бөлініп, жұмыстары жасалынды.

Береке ауылының мәдениет үйі  207,7 млн.теңгеге күрделі жөндеуден өтіп, іске қосылды.

Ақдала, Ақкөл, Бақанас, Бақбақты, Балатопар, Бояулы, Бірлік, Бура, Қарой және Миялы ауылдарының, жалпы саны 12 көшесіне 728,4 млн теңге бөлініп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жолдар қалпына келтірілді.

Бақанас ауылының Сейфуллин көшесіндегі саябаққа 241,3 млн. теңге қаралып, құрылыс және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, іске қосылды.

Бірлік ауылының орталық көшесіне 6,2 млн.теңгеге абаттандыру жұмыстары жасалды.

Қарой ауылының саябағының құрылыс жұмыстарына 94,4 млн.теңге бөлініп, жұмыстары толығымен атқарылып, пайдалануға берілді.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласында Халықты сапалы ауыз сумен қамту бойынша Жиделі ауылының ауыз су жүйесін қайта жаңғырту және құрылыс жұмыстары бойынша жобалық сметалық құжаттамасы дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Сол сияқты биылғы жылы Көктал ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту құрылысы жұмыстарына 95 млн.теңге бөлінді.

Бүгінге халық санымен ауыз су жүйесі 91,1 пайызға қамтылған.

Автомобиль жолдары бойынша аудан көлемінде тас қабатты жолдарға 22,2 млн теңгеге ағымдағы жөндеу, жалпы саны 6 көше 398,6 млн теңгеге күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. (Олар: Бақанас ауылының Қонаев, Бақбақты ауылының Төле би, Құйған ауылының Омарбеков, Ақжар ауылының Тұйғынбаев, Көкжиде ауылының Сүгіров және Өсербаев көшелері).

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша 38 азаматқа 159,7 млн.теңге шағын несие берілді («Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ – 21 азаматқа 72,0 млн.теңге. «Балқаш несие серіктестігі» ЖШС - 17 азаматқа 87,7 млн.теңге). (былтыр 48 адам – 148,1 млн.теңге)     (2019 ж. 58 адамға 188,3 млн.теңге).

Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 20 адам, қоғамдық жұмыстарға 703 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 29 адам, жастар тәжірбиесіне 22 адам жіберілді. Барлығы 774 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.

Атаулы әлеуметтік көмек бойынша жыл басынан 195 отбасындағы 1166 адамға 87,5 млн теңге төленді.

Жылыту маусымы бойынша ауданда 64 сұйық отынмен жағылатын пештердің  лимитіне сәйкес қажетті 1 602 851 литр сұйық отынның  1 373 667 литрі (85,7%) және 24 қатты отынмен жанатын пештер мен жеке сектор бойынша аудан тұрғындарына қажетті 8000 тонна қатты отынның 7792 тоннасы, немесе 97% көмір отыны жеткізіліп, 7367 тоннасы (92%) тұрғындарға сатылды.

2020 жылы жалпы бюджетке 1 611,8 млн теңге салық пен басқа түсімдер түсіп, 120,9%-ға, оның ішінде жергілікті бюджетке 1 272,7 млн теңге 127,7%-ға орындалды.

Бюджет шығысы 10 491,6 млн. теңгені құрап 99,9% орындалды.

Денсаулық  сақтау саласы  бойынша: Аурудың алдын алу жұмыстарының нәтижесінде туберкулез сырқатына 17,2 мың  адам тексеріліп, оның 13,4 мың адамы жылжымалы флюрографиялық қондырғы арқылы тексеруден өткізілді (анықталғаны - 12 науқас).

Аудан бойынша дүниеге 284 нәресте келіп, туу көрсеткіші 16,3% (2019ж-15,4) 1 нересте шетінеді (2019ж-1 нәресте). Түрлі аурулардан 198 адам қайтыс болған (2019 ж 168 адам). Жалпы өлім көрсеткіші 6,5% (2019ж- 6,5 %). 1 ана өлімі орын алды.

Ауданға қажетті мамандықтар бойынша дәрігерлерді тарту жұмыстары ұйымдастырылды  биыл 6 дәрігер жұмысқа тартылды.

Әлі де қажетті 5 дәрігер, олар: окулист, невропатолог, онколог, педиатр, кардиолог.

Әлем бойынша  короновирус инфекциясының (COVID19)  қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға   байланысты,  санитарлық – эпидемиологиялық салауаттылықты  қамтамасыз ету және  коронавирус инфекциясының әкелуі мен таралуының  алдын алу бойынша Балқаш аудандық орталық ауруханасы, аудандық  емдеу ұйымдары  тарапынан төмендегі  іс-шаралар іске асырылуда:

Балқаш ауданы бойынша жұқпалы аурулар жататын бөлімшесінен арнайы 2 – ші деңгейдегі КВИ науқастарды емдейтін 5 төсектік стационар қарастырылған. Сонымен қатар Бақбақты ауылындағы дәрігерлік амбулаториядан 10 төсектік карантиндік стационар ашылып, толығымен жабдықталған.

2020 жылғы коронавирус инфекциясының бірінші толқынында КВИ ауырған 46 науқас анықталып, оның 19 симптомды, 27 симптомсыз  сонымен қатар 108 адам вирустық пневмониямен тіркеліп , тиісті емдік шаралары жүргізілді. 2 науқас қайтыс болды.

Коронавирус инфекциясының жалпы облыс көлемінде эпидемиологиялық ахуал күрделенуіне байланысты, аудан емдеу ұйымдарында  алдын –алу шаралары  күшейтілуде. Сондай – ақ орталық аудандық ауруханасында коронавирус инфекциясының таралуының алдын - алу мақсатында бөлімшелерде «таза» және «лас» зоналар белгіленіп  санитарлық талапқа сай жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар аудандық орталық аурухананың емхана және стационар жанынан  ЖРВИ-нің белгілері бар науқастарды бөлу үшін 2 сүзгі  (емхана, стационар) ұйымдастырылып,  толық жабдықталды.

Медициналық ұйымдарда  бет перде, дезинфекция және қол жуу  ережелерінің  сақталуы  қамтамасыздандырылып, аурухана бойынша карантин, «бет перде» тәртібі енгізіп, бөлімдерде, дәліздерде қолды өңдеуге шынтақты дозаторлар (антисептиктерімен)  қамтамасыз етілді.

Коронавирус инфекцияның клиникалық белгілері бар адамдарды ерте анықтау және оқшаулау мақсатында диспансерлік есепте тұрған (5 жасқа дейіңгі  балалар, жүктілер, қарт адамдарды) медициналық қызметкерлер тарапынан  үй-үйді аралау (подворные обходы), телефон  соғу арқылы  анықтау жұмыстары қолға алынуда. ЖРВЖ, пневмония, катаральды және дене қызуының жоғарғы белгілері бар пациенттерді орталық аурухананың стационарының және емхананың жеке кіретін жеке есігі бар сүзгілер арқылы қабылдануда.

Білім беру саласында 2019-2020 оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасы 62,3% (облыс 62,5%). Оқу жылы 261 түлектің 164 ҰБТ қатысып. ҰБТ-ға қатысқан 164 түлектің 109 грант иегері атанды, немесе 66,5%.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 99 пайыз (облыс 95%). Бүгінде 7 балабақша және 14 шағын орталық тұрақты жұмыс жасауда. (1451 бала), Бабақты ауылындағы "Күншуақ" бала бақшасы іске қосылып, мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 100%-ға толатын болады.

Орта білім беру мекемелеріндегі 1 компьютерге шаққандағы оқушылар саны 2,2 (2536-компьютер).(облыс деңгейі -4,1)

«Қашықтан оқыту» кезінде сапалы білім беру үшін оқушыларды ақпараттық техника смартфон, компьютер құрылғыларымен құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында 1335 компьютер мектеп есебінен берілді. Аудандық білім бөлімінің үнемделген қаржы есебінен (06.04.2020 жылы) қосымша 63 ноутбук алынып, интернеті талапқа сай  мектептердегі атаулы әлеуметтік көмек алатын 40 отбасына, көп балалы 23 отбасына (186 оқушыға) уақытша пайдалануға берілді. Аудан бойынша 2797 оқушы қажетті компьютермен қамтылды. Жалпы аудан мектептерінде 760 педагог жұмыс жасап, оның 760-да (100 %) компьютер немесе смартфоны бар (о.і. 25-іне мектеп есебінен берілді).

Спорт саласы бойынша 2020 жылға ауданда 139 спорт нысандары жұмыс жасауда. Бірлік, Жиделі ауылдарына және жергілікті бюджет есебінен Бақбақты ауылына шағын футболға арналған алаңдар ашылды.

Жалпы ауданда дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар 2020 жылға 9640 адамға немесе 31,9 %-ды жетті.

Салауатты өмір салтына бағытталған аудандық деңгейде 35 спорттық іс-шара өтті, оған 3310-қа жуық адамдар қамтылды. Оның ішінде, қысқы спорт түрлері бойынша аудандық деңгейде шаңғы, конькиден 6 шара ұйымдастырылса, оған 530 адам қатысты.

Олимпиадалық және ұлттық спорт түрлері бойынша 29 іс-шара өткізіліп, оған 2780-ге жуық адамдар қатыстырылды.

Ауданда ересектер құрама командасы 4 облыстық жарыстарға жалпы 34 спортшы қатыстырылса, Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Республикалық және облыстық жарыстарға 135 спортшы қатысып: 15 алтын, 15 күміс, 22 қола медальдерге қол жеткізді.

Туризм саласы бойынша ауданда 12 туризм инфрақұрылымы объектісі жұмыс атқарады. Оның ішінде қонақ үйлер саны 3, қонақтар күтетін үйлер саны 9. Жалпы аудан бойынша 2 туристік бағыт белгіленіп 2020 жылы бұл объектілерде 472 турист қабылданып, оларға 203 тәулік - төсек орны ұсынылды. 2020 жылы 22,7 млн. теңге ақылы қызметі көрсетілді.

Мәдениет саласы бойынша ауданымызда мәдени ошақтардың күрделі жөндеу жұмыстарына, заманауи жабдықталауына аса мән беріліп, бұл бағытта жұмыстар атқарылуда. Есепті жылы Құйған ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтауға қосымша 78,9 млн.теңге бөлініп, жұмыстары толығымен жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Береке ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 207,7 млн.теңгеге Тәуелсіздік күні қарсаңында пайдалануға берілді.

«Балқаш ауданы әкімінің аудандық мәдениет үйі»  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны  құрамында 10 ауылдық мәдениет үйі және 4 ауылдық клуб және бір аудандық мәдениет үйі халыққа жұмыс жасайды. 2020 жылы онлайн режимінде  1327  іс-шара өтті. Осы іс-шараларға қамтылған адам саны – 83348 адамды құрады. Сондай-ақ, 76 үйірме, оған қатысушылар саны  - 754 адам қамтылған.

Ауданда 15 кітапхана аудан тұрғындарына қызмет көрсетеді.

Оқырман саны –18800 , Келушілер саны – 377724, Кітап қоры – 155813, жаңа түскен әдебиеттер- 3249.

Аудандағы барлық кітапханалар 28 компьютермен қамтамасыз етіліп, 9 кітапхана  интернет желісіне қосылған, 1 кітапхана Республикалық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйесіне /РАБИС/ қосылған.

Аудан кітапханаларында 2020 жылы онлайн режимінде 1138 шара өткізіліп,  әлеуметтік желілерге жарияланып, барлығы – 37536 қаралымды құрады. 

Аудандық тарихи-өлкетану музейі бойынша есепті мерзімде 108 онлайн форматтағы  шаралар өткізіліп, оған 2540 көрермен қамтылды.

Қоғамдық ахуал бойынша аудан әкімідігінің атынан ашылған әлеуметтік желілерде қоғамдық-саяси, әлеуметтік маңызды ақпараттар үнемі жариялануда, 2020 жылы  әлеуметтік  желілерге  1857  ақпарат  жарияланды.

2020 жылға Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру аясында  Гендерлік саясатты,  Азаматтарының денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау,  Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларын, басқа стратегиялық бағдарламаларды, ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған шараларға және «Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын»  іске  асыру  мақсатында     3 120 000 теңге қаражат бөлініп,  4 лот  Мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асырылды.

2020 жылы пандемияға байланысты «Біз біргеміз» - акциясы аясында жағдайы төмен отбасыларға, қайырымдылық шараларын ұйымдастыруда өз үлестерін қосып келеді, Аналар бастамаларымен  13 000 бетперде  тігіп,  аудан  тұрғындарына тегін таратты,  Кәсіпкерлер мен тұрғындар тарапынан демеушілікпен    700-ден аса    азық-түлік себеттері (корзина) мен  басқада қайырымдылық көмектер көрсетілді. Жалпы аудан аумағында шамамен 7,5 млн.теңге көлемінде демеушілер қаржысы жұмсалған. Бұл көрсеткіш  халқымыздың  ата-баба салтын, дәстүрін сақтаған,  ынтымақтастық пен бірлігінің  мықтылығы деп есептеймін.

Сонымен қатар  жергілікті  басқару органдары қызметкерлерінің   халық  сұранысына  жете мән беру және оларға көмек көрсету мақсатында  жыл басынан аудан әкімі, аудан әкімі орынбасарлары, мекеме басшыларының  17 тікелей эфирі ұйымдастырылып, эфирге 2165 адам қатысып,  526 сұрақ жауабын тапты.

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының да қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында Балқаш ауданы бойынша іс-шаралар жоспары  мен  медиа-жоспар  бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылды. Бекітілген жоспар бойынша және жоспардан тыс мәдениет саласы мекемелерімен  есепті мерзімде  187 іс-шаралар өткізіліп, барлығы 7205 адам қамтылды. 2017-2020 жылдары аралығында «Туған жер» жобасы аясында  іске асырылған жобалар саны 52, жұмсалған қаржы көлемі 766,05 млн. теңге.

Құқық қорғау саласы бойынша ауданда 122 қылмыс тіркелді (2019 ж. -238) 116 қылмысқа (2 есе) азайды. Қылмыстың ашылуы 91,1% құрады.

14 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 6 адам қайтыс болды, 23 адам жарақаттанды.

Барлығы 1901 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, олар бойынша жалпы сомасы 11,3 млн.теңгеге айыппұл салу туралы 923 қаулы шығарылды, оның ішінде жалпы сомасы 7,5 млн. теңгеге 665 қаулы орындалды. Өндіріп алу деңгейі 67% - ды құрады.

Жалпы, аудан аумағындағы жағдай тұрақты және ерекше бақылауға алынған.

Ардақты ағайын!

Атқарылған жұмыстармен қатар жүзеге асыратын міндеттеріміз де көп. Шағын және орта бизнес - қоғамның тұрақты дамуының негізі. 2020 жылды нәтижелі аяқтап 2021 жылы ауданымыздағы шағын және орта бизнесті дамыта отырып, әлеуметтік сала нысандарына, білім мен денсаулық салаларына ерекше көңіл бөлінетін болады.

Агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру, мал басын көбейту мен асылдандыруға айрықша көңіл бөлініп, болашағымыз аграрлық секторда болғандықтан ауданымызда ет және сүт өнімдерін арттыру бағытында шағын өндірістерді көбейту жұмыстары жасалынатын болады.  

2021 жылы дәнді дақылдар көлемін осы деңгейде қалдыра отырып, алынатын өнім көлемін молайту мақсатында сапалы тұқым құю жүмыстарына, алдын ала күзгі жерді жыртып ылғал сақтау шараларына ерекше назар аударылып, дақылдарды орналастыру картасы әзірленді.

Ауылшаруашылығы саласы бойынша 2021 жылы барлығы 30 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда өсім деңгейі 104,7% құрайтын болады.

2021 жылы білім беру және денсаулық салаларында қоғамда жоғарғы сұранысқа ие қызметтерді электронды форматқа ауыстыру және сол арқылы қызметтердің көрсетілуінің ашықтығын қамтамасыз ету басты назарда болады.

Тұрғындарға көрсетілетін дәрігерлік көмектің сапасын жақсарту, медицина ұйымдарын озық үлгідегі медициналық құрал-жабдықтармен жабдықтау, ауылдық ауруханаларды білікті дәрігерлермен қамту, олардың білімін жетілдіріп, жаңа технологияларды игеру. Ана мен сәби өлімін болдырмау және алдын алуға қосымша шаралар ұйымдастыру. Аурудың алдын алуға, профилактикалық шараларды кеңінен пайдалану, туберкулез, онкологиялық ауруларды ерте анықтап, аурушаңдық көрсеткішін төмендету аясында ауқымды жұмыстар атқарылмақ.

Құрметті  қауым!

Мемлекет  басшысы  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  2021 жылғы 5 қаңтардағы «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде жарияланған   «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» - деп аталатын мақаласында  егемендігіміз бен елдігіміздің тірегі болатын басты бағыттарға тоқталып, іргеміздің берік болуы үшін қажет шараларды айқындап берді.

Тәуелсіздіктің  30  жылдығына  қадам  басқан  Қазақстан  үшін  бұл  он екі ай толымды істерге толы болуы тиіс.

Аталған шараларды жүзеге асыру, ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуына, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына бөлінген бюджеттік қаржының мақсатты жұмсалуына жұмыла атсалысуымыз керек.

Жоспарларымыздың өзегі аудан тұрғындарының күрделі мәселелерін шешу, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, әлеуметтік саланы дамыту болып табылады.

Жоспарланып отырған жұмыстардың дер кезінде және сапалы орындалуы үшін барлық мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдаланатын боламыз.  Ең бастысы ынтымағымыз бен бірлігіміз ажырамасын, ағайын.

Мен сіздерге ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы аудан әкімдігіне жүктелген міндеттерді атқарудағы есебімді баяндап өттім.  Сіздер  менің бүгінгі есебімді талқылауда мүдделілік көрсетіп, ауданымыздың дамуындағы жаңа биік белестерге көтерілуге қол жеткізуге шынайы көмек көрсететін болады деген сенімдемін.

Тәуелсіз еліміздің болашағы жарқын, келешегі нұрлы болсын! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыстар тілеймін! Күлді әлемді жаулаған індеттен Қазақтанымыз аман-есен шығып,  табалдырығымыздан аттаған Жаңа 2021 жыл бәрілеріңізге құт береке әкелсін!

Назарларыңызға рахмет!

Дата публикации
22 декабря 2021
Дата обновления
22 декабря 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
13 октября 2026
МӘСЛИХАТ - 2026
Ақпарат
14 июля 2026
Балқаш ауданында сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде кандидаттарға берілетін үй-жайлар
Ақпарат
14 июля 2026
Алматы облысы Балқаш ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы